AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Әлеуметтік сала цифрландырылып жатыр

Әлеуметтік сала цифрландырылып жатыр

Шешім 10.06.2021, 14:07 1,929
Әлеуметтік сала цифрландырылып жатыр
Сурет: Prana-system.com

Бұл жұмыстардың ең ірісі әлеуметтік қызметтер порталы болып тұр. Портал мүгедектігі бар адамдарға қызметтер мен оңалту құралдарын тікелей өнім берушіден сатып алуға мүмкіндік береді.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуі барысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және әлеуметтік-еңбек саласына енгізілетін өзге де цифрлық шешімдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2021 жылдың басында мемлекеттік қызметтердің 91%-ы (45 қызметтің 41-і) цифрландырылды, олардың жартысынан астамы – проактивті. Ағымдағы жылы көрсетілетін қызметтер санын 93%-ға дейін арттыру жоспарлануда.


«Біз цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, проактивті мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландырамыз, көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оларды азаматтар үшін қолжетімді ету үшін кезеңдер санын қысқартамыз. Өткен жылы 12,4 млн қызмет көрсетілді, оның жартысынан көбі, яғни 7,8 млн.-ы – электрондық қызмет», – деп атап өтті Серік Шәпкенов. 


Іске асырылып жатқан цифрлық жобалардың бірі – мүгедектігі бар адамдарға қызметтер мен оңалту құралдарын тікелей өнім берушіден сатып алуға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы, бұл ең алдымен қызметтер сапасының өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.


2020 жылы мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 128 мың қызметке тапсырыс берген және оларды алған, оның ішінде оңалту құралдары, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емдеу бар.


«Сондай-ақ, біз отбасының цифрлық картасын – өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды автоматты режимде анықтауға, оларға қажетті кешенді қолдау шараларын проактивті түрде көрсетуге, сондай-ақ қолжетімді индикаторлар арқылы отбасының әлеуметтік жағдайының нашарлауын болжауға мүмкіндік беретін жобаны жасау бойынша жұмысты бастадық», – деді Еңбек министрлігінің басшысы.


Бұдан басқа, цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр.


Бірінші кезеңде 2020 жылы ірі қалалардағы 17 пилоттық жұмыспен қамту орталықтарының базасында электрондық еңбек биржасы арқылы төрт қызметті ұсыну бойынша жоба іске қосылды, ол төрт бағыт: жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу, жұмыссызды тіркеу, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, оның ішінде жастар практикасын, қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын таңдау.


«2021 жылдың басынан бастап пилот аясында 6,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Екінші кезеңді біз Электрондық еңбек биржасы арқылы барлық қазақстандықтар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының осы онлайн-қызметтерін қолжетімді ете отырып, 1 мамырдан бастап іске асыра бастадық. Біз биылғы жылы Жұмыспен қамту қызметтеріне өтініштердің кемінде жартысы онлайн режимде болады деп болжап отырмыз», – деп атап өтті Серік Шәпкенов.


Ведомство басшысының айтуынша, e-HR жобасы – еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі белсенді түрде дамуда. Бүгінгі таңда жүйеде 4,8 млн шарт тіркелген, оған 171 мың ұйым қосылған, бұл барлық жұмыс істейтін азаматтардың шамамен 79%-ын құрайды.


«Биыл біз еңбек шарттарының кемінде 85%-ын e-HR жүйесімен қамтуды жоспарлап отырмыз, ал 2022 жылы барлық жұмыс істейтін халықты толық қамтимыз деп күтеміз. Осылайша, жұмысқа орналастыруды жеңілдетуден басқа, ашықтық есебінен азаматтардың еңбек құқықтарын сақтаудың өзекті мониторингі қамтамасыз етіледі», – деп түйіндеді Серік Шәпкенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #коронавирус #Пандемия #социум #портал #Шәпкенов #Қазақстан #Минтруда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02

Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?

Бүгін 10:02

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика