AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады

Әлеумет 05.12.2023, 10:14 3,481
Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады
Сурет: интернеттен

Сонымен қатар 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер реестрі жасалады.


Әлеуметтік қызметкерлерге арналған Жаңа кәсіби стандарт жобасы құрастырылып болды, қазір талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Әлеуметтік жұмыс мектептерінің ұлттық қауымдастықтарының 4-ші Орталық Азия (Астана) Форумында айтты.



"Категориясы, квалификация деңгейі мен көрсетілетін қызметтің түріне қарай әлеуметтік жұмыскерлерге жалақы төлеу жүйесі қайта қаралады. Бұл бағытта ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсымен тікелей байланыста. Әлеуметтік қызметкерлерге арналған Жаңа кәсіби стандарт жобасы құрастырылып болды, қазір талқыланып жатыр", — деді Назгүл Сағындықова.



Сонымен қатар 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер реестрі жасалады. Онда жұмыскердің квалификациясы, қызметтерінің түрлері мен сапасы жайлы толық мағлұмат беріледі.



"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік қорғау инспекторлары өз жұмысын бастады. Олар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаумен, әлеуметтік, зейнетақылық қызметтердің орындалуын қадағалайды. Оған қоса әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды, қазан айында порталдың смартфондарға арналған қосымша нұсқасы жасалды", — деді вице-министр.



Бүгін еліміздің 12 ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа оңалту орталықтары салынатыны хабарланды.



"Қазақстанның 6 аймағында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін пилоттық жоба қолға алынды. Семей мен Тараз қалаларында заманауи оңталандыру орталықтары ашылды, онда үлкендер де, балалар да өздеріне қажетті қызметті ала алады. Еліміздің тағы 12 ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа оңалту орталықтары салынбақ", — деп хабарлады Министрлік өкілі.



Республикада барлығы 900 ұйым арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысады. 2025 жылдан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс аясында адам басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Ал ұйымдардың барлық қаржысын республикалық деңгейде бір арнаға шоғырландыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #қызметкер #жалақы #категория #Реестр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);