AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік портал арқылы қызмет алушылар қатары ар...

Әлеуметтік портал арқылы қызмет алушылар қатары артқан

Әлеумет 01.07.2022, 04:56 1,170
Әлеуметтік портал арқылы қызмет алушылар қатары артқан
Сурет: Ura.news

Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 48 мың тапсырыс рәсімделді.


Қазақстандық мамандар жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 210 мыңнан астам адам қызмет алғанын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 178,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 25,6 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 48 мың тапсырыс рәсімделді»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.


Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.


Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 817 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 234 ОТҚ жеткізуші, 24 мыңнан астам жеке көмекші, 628 ымдау тілін қызметін, 91 санаторлық-курорттық емдеуді, 62 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.


«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.


Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #портал #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);