Әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды?

Әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды? Сурет: жасанды интеллект

Жалғызбасты ана ретінде әлеуметтік жәрдемақымен күн көрген Джоан Роулинг қалай миллиардер болды?

Джоан Роулинг — әлемдегі ең танымал жазушылардың бірі. Бірақ оның өмір жолы оңай болған жоқ (кімде оңай болды дейсің). Ол кедейшілікте өмір сүрді. Бірақ «тар жол, тайғақ кеше» жүріп өзінің табандылығымен әлемге танылып, шексіз байлыққа ие болды.

Англияның Йейт қаласында дүниеге келген Джоан бала кезінен әдебиетке жақын болады. Оқығанды, жазғанды жақсы көреді. Француз филологы ретінде оқуын аяқтағанымен, әуелгі уақытта түрлі жұмыстар істейді. Сосын Португалияға көшеді де жергілікті журналиспен отбасын құрады.

Бірақ некесі сәтсіз болып, қызы дүниеге келгеннен кейін ажырасып тынады. Сөйтіп, Ұлыбританияға қайта оралып, жұмыссыз қалады. Сол тұстарда әлеуметтік жәрдемақымен күн көріп, жалғызбасты ана ретінде үлкен қиындықтарға кезігеді. Ақшадан тарығып, ақыр соңында күйзеліске түседі де, депрессиямен алысып кетеді.

Егер біліп отырсаңыз, біздің бұл кейіпкеріміз әйгілі «Хәрри Поттер» шығармасының авторы. Иә-иә, солай. Сонда ол кітап қалай жазылды?

Не керек, «Хәрри Поттер» идеясы оған пойызда келе жатқанда келеді ғой. 1990-жылдардың тұсы. Джоан күн сайын кафе мен кітапхана жағалап, қызы ұйықтап жатқанда жазуға кіріседі. Бірінші кітабы 1995 жылы аяқталғанымен, оны басып шығару оңай болмайды.

Джоан Роулинг өзінің қолжазбасын көптеген баспа үйіне жібереді, бірақ 12 баспа оны қабылдаудан бас тартады. Арада бір жыл уақыт өткенде Bloomsbury баспасы жариялауға келіседі. Сөйтіп, 1997 жылы «Хәрри Поттер және пәлсапа тас» деген атаумен бірінші кітап жарық көреді де, артынша бірден танымалдылыққа ие болады.

Кітаптың танымалдығы артады. Көптеген елде тиражы өседі, ақыр соңында оқиға желісі киноға сұранып, құқығы Warner Bros. студиясына сатылады.

«Хәрри Поттер» сериялық кітап қой. Жеті кітабы шығады да, 80-нен астам тілге аударылып, тиражы 500 миллионнан асады. Сөйтіп, Джоан Роулинг әлемдегі ең бай жазушыға айналады. Оның байлығы 1 миллиард доллардан асады. Бірақ ол үлкен бөлігін қайырымдылыққа жұмсайды.

Сонда Джоан Роулингтің табысты болуына себеп болған қасиеттер, оның:

табандылығы — қаншама қиындыққа қарамастан, жазуын тоқтатқан жоқ
еңбекқорлығы — күн сайын кітап жазуға уақыт бөлді
ішкі бай әлемі — оқырманын баурап аларлық әлем құрды
сенімі — баспалар бас тартса да үмітін үзген жоқ

Түйін: Кедейдің күйін кешсең де — табанды болсаң, ол қасиетіңді шығармашылығыңмен ұштастыра алсаң, сеніміңді жоғалтпасаң, байлық өзі-ақ қол бұлғап тұр екен-ау?!

*"Кітап үзіндісі" телеграм каналынан алынған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:06

17:52

17:48

17:44

17:35

17:29

17:27

16:25

15:38

15:12

15:07

14:17

13:39

13:12

12:57

12:42

11:48

11:45

11:39

11:30

11:19

11:13

10:38

10:32

10:31