Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қаза...

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Мұны білген жөн Бүгін 12:27 23
Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат
коллаж: aqshamnews.kz

Қазақстандық Анар Бурашева Орталық Азия мен Қазақстан тарихында әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ әйелі атанды. Оның бұл жетістігінің артында қандай батыл шешімдер жатыр? Заңғар тауларды бағындыру несімен қиынға соқты? Аqshamnews.kz тілшісі Анар ханыммен тілдесіп, оның өмір жолы жайлы сұрап білді. 

Анарды арманына жетелеген не?

Анар Бурашева Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, балалық шағын Серебрянск пен Риддер қалаларында өткізген. Жоғары білімді де туған өңірінде алып, Серебрянск атындағы Шығыс Қазақстан техникалық мемлекеттік университетінде оқыды.

"Бакалавриатта қаржы мамандығын тәмамдадым, ал магистратурада инновациялық менеджмент бағытында білім алдым. Тауға шығуға қызықпай тұрып, банкте корпоративтік блокта жұмыс істедім. Кәдімгі көбінің еті үйренген жұмыс кестесімен, тұрақты мансап жолын бастаған болатынмын. Алайда арманымның жетегінен еру үшін тұрақтылықтан шығуым керек болды ", -дейді ол.

"Тауда жүріп қайда екеніңді білмесең - біттің"

Анар Бурашеваның тауға шынайы қызығып бастауы шамамен алты жыл бұрын басталды. Алғашында трейлраннингпен (табиғи рельефте жүгіру спорты - жур.) айналысып, тауда жүгіруді әдетке айналдырған. Алайда ол альпинизмді жай қызығушылық емес, қыр-сырын меңгеру керек бағыт деп ұққан сәтін әңгімелеп берді.

Тауда жүріп өзіңнің қайда екеніңді білмесең - біттім дей бер. Альпинизмге енді қызығып бастап жүргенімде, тауда адасқан адам өзінің қайда екенін сипаттап айтып бере алмады. Сол оқиғадан кейін мен альпинизмге ат үсті қарауға болмайтынын ұқтым. Кейін альпинизм мектебінің қысқы ағынына жазылып, бағыт-бағдар анықтау, жер бедерін оқу, қауіпсіз қозғалу секілді негізгі дағдыларды меңгере бастадым", - дейді Бурашева.

Эверестке шығу, әлемнің 7 шыңын мақсат тұту: қалай болды?

Тау қызының Эверестке көтерілуі өміріндегі ең үлкен өзгеріске себепкер сәт болды. Дәл сол шыңда ол таудың жай әуесқойлық емес, өз өмір салтына айналғанын анық сезінгенін айтты.

"Эверестке көтерілгенде өзіме бір нәрсе анық болды: бұл мен үшін уақытша қызығушылық емес, өмірімнің бір бөлігі екен. Сол экспедициядан кейін-ақ Seven Summits бағдарламасын орындауға бел будым. Әр құрлықтағы ең биік шыңға шығу үлкен арман ғана емес, үлкен тәртіпті қажет ететінін түсіндім. Бұл тек физикалық дайындықты емес, төзімділік пен ұзақ мерзімді жоспарлауды талап етеді. Seven Summits - саяхат пен үлкен сынақты сүйетін кез келген адамға шабыт беретін мақсат", - дейді Анар.

"4200 метр биіктікте –50°C-та суықта он күн бойы күттік"

Ең күрделі шың ретінде ол Солтүстік Американың ең биік нүктесі - Деналиді атады. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан экспедиция мүшелері 17 күн бойы тек күтуге мәжбүр болған.

"Денали мен үшін ең ауыр шыңдардың бірі болды. Аласармас асудай болған шыңға шығуға ауа райы мүмкіндік бермей қойды. 4 200 метр биіктікте 10 күн күтіп отырдық, кейін 5 200 метрдегі шабуыл лагерінде тағы 7 күн өттік. Температура –50°C-қа дейін түсті, палатканың ішінде –35°C болды. Мұндайда тек денең емес, ойың да шаршайды. Физикалық қиындықтан гөрі, ұзақ күту мен психологиялық салмақ қаттырақ әсер етеді", - дейді Бурашева.

Жеті шыңды бағындыру, Мақсұт Жұмаевтың жолын жалғау

Seven Summits бағдарламасын қысқа мерзімде орындауына демеушілерінің қолдауы зор болғанын айтады. Бірақ бұл жолда ең үлкен қиындықтың бірі - қаржылық мәселе екенін де жасырмайды. Жеті шыңды бағындырған ол енді келесі арман-мақсатын да айқындағанын айтты.

"Қазір мен жаңа, бұдан да ауқымды мақсатқа бет алдым. Мақсұт Жұмаевтың жолын жалғап, 14×8000 - әлемдегі он төрт сегізмыңдық шыңды бағындырғым келеді. Ол шыңдар Непал, Тибет және Пәкістан аумағында орналасқан", - дейді ол.

"Осы жетістіктерімді әкемнің көре алмағаны өкінішті"

2024 жылы Анар Бурашеваны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қабылдап, Эверестті бағындырған тарихи жетістігімен құттықтаған. Кездесу барысында Анар Мемлекет басшысына Эверест шыңына алып шыққан Қазақстанның туын табыстаған еді. Өз кезегінде альпинист бұл кездесудің өзі үшін айрықша мәнге ие болғанын жасырмады.

"Шыңға шыққанда ең алдымен қолдаған адамдарым ойыма келеді. Отбасым, достарым, демеушілерім - бәріне алғысым шексіз. Президенттің шақыртуы мен үшін үлкен жетістік болды. Қатты қуандым. Мемлекет басшысының терең біліміне, әрбір сұрақты нақты қойып, мәніне үңіле білетініне тәнті болдым. Бірақ әкемнің осы жетістіктерімді көре алмағаны менің ішімде өкініш болып қалды", - дейді алпинист ару.

Анар Бурашева өзі жүріп өткен жол арқылы кез келген қыз-келіншекке “мен де істей аламын” деген сенім ұялатқысы келеді.

“Ең маңыздысы - адам өзіне шек қоймауы керек. Қорқыныш болады, күмән болады, бірақ соның бәрінен өтсең ғана нәтиже келеді. Егер менің тәжірибем бір қыздың арманын кейінге қалдырмай, бүгін әрекет етуіне түрткі болса демек, менің мақсатымның бір бөлігі орындалды деген сөз”, - дейді Анар Бурашева.

суреттер: кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау шыңы #Альпинизм #Эверест
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бүйрек үсті безінің цистаденомасы бар пациентке сәтті операция жасалды

Бүгін 12:43

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі