AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлемнің 40 мемлекетін велосипедпен аралаған ақсақа...

Әлемнің 40 мемлекетін велосипедпен аралаған ақсақал Алматыда тұрады

Әлеумет 01.10.2024, 11:12 1,513 Nursok82
Әлемнің 40 мемлекетін велосипедпен аралаған ақсақал Алматыда тұрады
видеодан алынды

Ол велосипедпен әлемнің 40 елінде болып, 400 мың шақырым жол жүрген.

Ең ұзақ велосаяхат жасағаны үшін Қазақстанның рекордтар кітабына да енген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оған қоса кір тасын көтереді. Түгелбек қария биыл 80-ге келді. Әлі тың. Қимыл-қозғалысы ширақ. Өзі: «Осының бәрі – спорттың арқасы», – дейді.

Велосипедке 45 жасында отырған. Мамандығы – мұғалім. Зейнетке шыққанға дейін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай өңірінде мектепте математикадан сабақ берді. Бас кезінде балаларға үлгі болғысы келген. Кейіннен спортқа түбегейлі ден қойған.  

Түгелбек Қасымов, ардагер веломарафоншы: - Ең алғашқы 45 жаста Кабардин Балкар деген елде КСРО бойынша жарыс болады деп веломарафонға шақырды. Сол кезде ІІІ орын, қола медаль аламын. 60 шақырым қашықтықта. Соның өзі спорт шебері деген дәрежеге сай болған. Спорт шеберлерімен жарысқаннан кейін, ІІІ орын алғаннан кейін алдыңғы қатарға шығуым керек. Қазақстанның бірінші веломарафоншысы болуым керек деген мақсат қоямын.

Сол кезде ауылда отырып, қайда баратынын анықтап, картасын сызып алады. Алғашқы жарыстан жүлделі қайтқан соң демеушілер де табыла бастаған. Содан кейін 25 рет саяхатқа шыққан. Бір шыққанда бірнеше мемлекетті бір-ақ аралап қайтқан кездері болған. 

40 мемлекетте болдым. Еуропа, Азия дейді ғой. Одан кейін Моңғолия, Жапония, одан кейін Латын Амеркасынан ары Куба, соларға дейін бардым. 2017 жылы Астанадан Мәскеуге дейін бардым. Ең ұзақ жол осы болды. Орал тауларынан өту керек. 4 мың шақырым арақашықтық. Күніне 200-235 шақырым алып отырдым, дейді ол.

Расында, велосипедпен жүрген соң қай жерге бармасын саяхат оңайға түспеген. Тіпті бұзақылардың шабуылына тойтарыс берген кездері де болыпты. Оның әрбір сапарының тарихы бар.

Түгелбек Қасымов, ардагер веломарафоншы: - 2004 жылы Үндістанға бардым. 2004-те Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі болатын. Сол кісі «сопровождать» еткізді. Өмірі ойламағам.

Түгелбек Қасымов велосипедтен бөлек, мойнымен гір тасын көтереді. Қазірдің өзінде 100-ге дейін жеткізеді. Оған қоса тізесін жерге тигізбей роликпен жаттығады. Жүгіретіні және бар. Талай марафонда топ жарды. Әлі күнге дейін спорт десе ішкен асын жерге қояды. «Қазіргі жастардың қозғалысы аз. Ол ауруға әкеледі», – деп кейіп отыр.   

 - Жүгірудің орнына электромобильге түсіп алатын болды. Рақат, ешкімнің аяғы жүрмейді. Сонда адамға аяқ керек жоқ секілді ғой. Адамның денсаулығы адамның аяғына байланысты. Мен соны ұқтым. Аяқ жүректі күшейтеді. Өйткені сіз жүректі қолға алып күшейте алмайсыз, дейді қарт сполртшы. 

Түгелбек қарт 15 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр. Әзірге велосипедімен қоштасқысы жоқ. Қысы-жазы тебеді. Жүрген жерінде бейбітшілікті, спортты насихаттайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #қария #өнеге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);