AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингі...

Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингінде Қазақстан 35-орынды иеленді

Өмір-өзен 18.06.2021, 10:31 2,186 Almaty-akshamy.kz.
Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2021 рейтингінде Қазақстан 35-орынды иеленді
Сурет: Gov.kz.

Бәсекеге қабіліеттілік рейтингінде Қазақстан жетістікке жетті 


2021 жылғы 17 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады.


IMD рейтингі – келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым».


2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Швейцария ие. Үздік 5 елге Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур кіреді.


2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР Экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Португалия (36 орын), Индонезия (37 орын), Латвия (38 орын), Испания (39 орын), Словения (40 орын), Үндістан (43 орын), Ресей (45 орын), Түркия (51 орын) сияқты елдерден алда келеді.


Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.


«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21 орынға тұрақтады. Жақсару барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі, атап айтсақ: «Мемлекеттік қаржы» – 19 орын (4 позицияға жақсарды), «Салық саясаты» – 5 орын (11 позицияға жақсарды), «Институционалдық орта» – 46 орын (4 позицияға жақсарды), «Бизнес туралы заңнама» – 25 орын (3 позицияға жақсарды) және «Қоғамдық құрылыс» – 29 орын (9 позицияға жақсарды).


«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позициясының 6 тармаққа – 28 орынға дейін жақсарғаны байқалады. Осы фактор аясында 4 субфактор бойынша көрсеткіштер жақсарды. Қазақстанның «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша позициясы – 20 орын (12 позицияға жақсарды), «Қаржы» – 46 орын (1 позицияға жақсарды), «Менеджмент практикасы» – 13 орын (6 позицияға жақсарды), «Қатынастар мен құндылықтар» – 23 орын (6 позицияға жақсарды).


«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан үш позицияға көтеріліп, 45-орынға ие болды. Жақсару барлық бес субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Ішкі экономика» – 37-орын (4 позицияға жақсарды), «Халықаралық сауда» – 58-орын (2 позицияға жақсарды), «Сыртқы инвестициялар» – 47-орын (1 позицияға жақсарды), «Жұмыспен қамту» – 24-орын (9 позицияға жақсарды) және «Бағалар» – 13-орын (3 позицияға жақсарды).


«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойынша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсетті: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын (6 позицияға жақсарды), «Ғылыми инфрақұрылым» – 57-орын (1 позицияға жақсарды), «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын (2 позицияға жақсарды).


Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды бес факторының қатарына қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 60%-ы), экономиканың серпінділігі (46,4%), қаржылық жағдайға қолжетімділік (45,5%), саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%) және салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жатады (40,9%).


Бұған дейін Boston Consulting Group Sustainable Ecot Asnomic Developmensessment 2021 (08.06.2021 ж) жаңартылған зерттеуі шеңберінде Қазақстан экономикасының экономикалық орнықтылық, инфрақұрылым сапасы, мемлекеттік институттар мен қызметтер сияқты көрсеткіштері бойынша бағалауын арттырды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#моноколесо #электросамокат #тротуар #пешеходные дорожки #Қазақстан #рейтингі #успех
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);