Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Әлемдік атом энергетикасы: Қазақстанның үлесі

Әлемдік атом энергетикасы: Қазақстанның үлесі

АЭС: Референдум 23.09.2024, 08:54 1,444
Әлемдік атом энергетикасы: Қазақстанның үлесі
almaty-akshamy.kz

Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің министрлері атом энергетикасын дамыту бойынша нақты қадамдарды талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропаның 9 мемлекеті осы ортақ бастамаға қосылуға дайын екенін білдірді. Бастаманың мақсаты – жаңа реакторлардың құрылысын қаржыландыру, жеткізу тізбегін дамыту және білікті кадрлар даярлау.

Көптеген ЕуроОдақ елдері атом энергиясына қайта оралуда. Мысалы, Швеция 2035 жылға дейін электр энергиясын өндіру көлемін екі есеге арттыру үшін 10 жаңа реактор салуға дайын. ЭЫДҰ және Атом энергиясы агенттігінің жаңа бастамаларын қолдайтын елдер Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі, себебі бұл ядролық энергетика үлесін 2050 жылға қарай үш есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Швецияның вице-премьер-министрі Эбба Буш осыған қатысты өз пікірін білдіріп, былай деді:

– Швеция атынан мынаны айтқым келеді: біз мүдделері мен құндылықтары ұқсас елдермен ғаламдық деңгейде бірлесіп, атом энергетикасын игеру бойынша ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Осы бағытта еуропалық әріптестермен, сондай-ақ АҚШ және Канадамен бірнеше меморандумға қол қойдық. Енді Азияның озық тәжірибеге ие кейбір елдерімен тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз.

ЕЭДҰ Ядролық энергия агенттігінің бас директоры Уильям Мэгвуд Қазақстанның ғаламдық нарықтағы маңызын атап өтті:

– Уранның ірі жеткізушісі ретінде Қазақстан атом энергиясының әлемдік нарығына үлкен әсер етті. Бұл кезеңде баға төмендеп, жеткізу қауіпсіздігі күшейді. Осы орайда Қазақстанның рөлі өте маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЕЭДҰ #Қазақстан #париж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика