AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемдегі ең үлкен кеменің саяхатқа шығуы экологтар...

Әлемдегі ең үлкен кеменің саяхатқа шығуы экологтарды алаңдатып отыр

Әлем 30.01.2024, 05:24 1,413
Әлемдегі ең үлкен кеменің саяхатқа шығуы экологтарды алаңдатып отыр
Сурет: Ru.oxu.az

Әлемдегі ең үлкен круиздік кеме Icon of the Seas өзінің алғашқы жеті күндік Кариб теңізі саяхатына аттанды. 


Кеменің ұзындығы – 365 м, бұл әлем бойынша рекордтық көрсеткіш. Салыстыру үшін, аты аңызға айналған Титаник 100 метрге дерлік қысқа (269 м), ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің ең ірі ұшақ тасығыш кемесі Джералд Р.Фордтың ұзындығы 333 метр.


7600 жолаушыны қабылдай алатын кемеде 40-тан астам мейрамхана мен кафелер бар. Сондай-ақ кемеде тропикалық өсімдіктер өсетін шағын саябақ, театр, караоке, теннис және волейбол алаңдары, балаларға арналған аттракциондар мен аквапарк бар.


Финляндия жасалған алып кеменің құрылысына 2 миллиард доллар жұмсалған. Кеменің қозғалтқыштар сұйытылған табиғи газбен (LNG) жұмыс істейді.


Экологтар кемеде отынның бұл түрін пайдалану атмосфераға метанның таралуына әкелетінін айтып, сынға алды.


Экологтардың айтуынша, қазіргі сұйытылған табиғи газдың 85-95% метаннан тұрады. Сондықтан сұйытылған табиғи газды пайдаланған кезде метанның атмосфераға ағып кету ықтималдығы артады, ал метан көмірқышқыл газына қарағанда әлдеқайда қауіптірек.



«Бұл дұрыс емес. Біздің есебімізше, сұйытылған табиғи газды теңіз отыны ретінде пайдалану кеменің қызмет ету мерзімі ішінде атмосфераға парниктік газдардың кәдімгі теңіз газойлымен жұмыс істейтініне қарағанда 120%-ға көп түсуіне әкеледі», – деді таза көлік жөніндегі халықаралық кеңестің (ICCT) теңіз бағдарламасының директоры Брайан Комер.



Алайда кеме иелері Royal Caribbean компаниясы Icon of the Seas кемесінің заманауи теңіз көлігі ережелері талап еткеннен 24 пайызға көбірек энергия үнемдейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ компания 2035 жылға қарай нөлдік шығарындылары бар кеме ұсынуды жоспарлап отыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ең үлкен кеме #саяхат #экологтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);