Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлемде табиғи апат жиілеп барады

Әлемде табиғи апат жиілеп барады

Әлеумет 05.06.2023, 04:37 1,109
Әлемде табиғи апат жиілеп барады
Сурет: ашық дереккөз

Бір елде су тасыса, басқа жерде дауыл соғып, дүйім жұрттың дегбірін қашырып жатыр


Әлемде табиғи апат жиілеп барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Хабар24» мәліметі бойынша Вьетнамдағы аптаптың беті қайтар емес. Күн май еритіндей күйіп тұр. Шыжығаны сонша, жан шыдатпайды. Сынап бағанасы 44 градустан асады. Жұрт ыстықтан қорғанудың амалымен әлек. Көбі желдеткіш қосып үйден шықпауды жөн санаған. Бірақ бұл энергия жүйесіне үлкен салмақ болып тұр. Сондықтан электр қуаты өшіріліп жатыр. Өйткені мұндай жүктемеге елдегі энергетика кешендері шыдас бермеуі мүмкін.


Күннің ысуы қазір метро жұмысына да кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған байланысты Ташкентте пойыз қозғалысының жылдамдығы төмендетілмек. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, рельстердің температурасы 55 градустан асқанда жылдамдық уақытша шектеледі. Бүгінде жерастындағы шойын жолдың кей бөліктерінде температура 77 градусқа жетеді екен.


Ирак астанасы құмды дауылдың астында қалды. Бағдат бірнеше сағатқа қара түнекке батып, көшелерін құм басты. Тұрғындар сыртқа шыға алмай, үйлерінде қамалуға мәжбүр. Бетпердесіз шығу мүмкін емес. Айта өтейін, құмды дауыл Ирак тұрғындары үшін үйреншікті құбылыс. Бірақ кейінгі уақытта ол жиілеп кеткен. Осыған қатысты мамандар қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені елде жауын-шашын азайып кеткен.


Ал Жапонияның Айти префектурасында толассыз жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетті. Нөсер демалыс күндері тоқтамай жауған. Соның кесірінен өңірде көлік қозғалысы іркілді. Пойыз қатынасы уақытша тоқтады. 7 үй жарықсыз отыр. Қазір апат аймағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын ғана Жапонияда Мавар тайфуны соққан еді. Сөйтіп 7 префектурада қауіптің 4 деңгейі жарияланды. 300 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бір адам қайтыс болып, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#табиғат #апат #су #Жер #төтенше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі