AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әлемде клондалған алғашқы қасқыр пайда болды

Әлемде клондалған алғашқы қасқыр пайда болды

Өмір-өзен 22.09.2022, 05:00 2,412
Әлемде клондалған алғашқы қасқыр пайда болды
Сурет: Ria.ru

Жаңа туған қасқырдың гені генетикалық үлгілері алынған қасқырмен бірдей.


Өліп қалған арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілерінен жасалған эмбрион иттің құрсағына салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Майя - әлемдегі алғашқы клондалған арктикалық қасқыр. Ол жойылып кету қаупі төнген қасқырдың өзге түрлері үшін үміт сәулесін сыйлаған.


Клондалған қасқырды дүниеге әкелген ғалымдардың айтуынша, ол 9 ай бұрын Қытайдың солтүстігіндегі хайуанаттар бағында өлген басқа арктикалық қасқырдың генетикалық үлгілері арқылы алынған. Кейін эмбрион бигл тұқымдас иттің құрсағына салынған. 



«Жаңа туған қасқырдың гені генетикалық үлгілері алынған қасқырмен бірдей. Бірақ клондалған жануар басқа қасқырлармен емес, иттің жанында жүрген», - дейді жобаны жасаушы Sinogene Biotechnology компаниясының менеджері Цзяо Цзиньпин. 



Sinogene Biotechnology компаниясы аталған оқиғаның нәтижесі жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтауға үлес қоса алатын генетикалық технологиядағы үлкен жетістік деп отыр. Дегенмен, жануарларды клондау қайшылығы көп әрекет екені рас. Мәселен, ғылыми қоғамдастықтың кейбір топтары клондау этикаға және биоәртүрлілікке орасан нұқсан келтіреді деген пікірде. Бірақ бұл күмәнді қуаттайтын да, жоққа шығаратын да мардымды аргументтер әлі де болса дәлелдеуді қажет ететін сыңайлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қасқыр #клон #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Бүгін 14:47

«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы»: тағылымды тележобаның түсірілімі басталды

Бүгін 14:36

Алматыда VI Халықаралық I-CRAFT 2026 конференциясы өтті.

Бүгін 14:15

Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі

Бүгін 14:07

Әрбір өңірдің үні естіледі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Бүгін 13:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);