AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлемде электр энергиясына сұраныс артып тұр

Әлемде электр энергиясына сұраныс артып тұр

Әлеумет 28.09.2024, 12:17 1,813
Әлемде электр энергиясына сұраныс артып тұр
Жасанды интелект көмегімен салынды

2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік жел энергетикасының қуаты 1 ТВт-тан асып, өткен жылмен салыстырғанда 12,9%-ға артты. Қытай бұл салада көш бастап, жел энергетикасының қуаты 441,9 ГВт-қа жеткізді. Екінші орында тұрған АҚШ-тың (148 ГВт) көрсеткішінен үш есе көп. Сонымен қатар, Германия (69,5 ГВт) және Үндістан (44,7 ГВт) да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сондай-ақ, 2023 жылы күн энергетикасының жаһандық қуаты 32,2%-ға артып, 1,4 ТВт-қа жетті. Бұл жағынан да Қытай алда тұр. Оның күн энергетикасының қуаты 609,9 ГВт-қа жетіп, АҚШ-тың (139,2 ГВт) көрсеткішінен 4,4 есе артық. Күн энергетикасында Жапония (87,1 ГВт), Германия (81,7 ГВт) және Үндістан (73,1 ГВт) да маңызды рөл атқарды.

Жел және күн энергетикасының қуатының айтарлықтай өсуіне қарамастан, олардың энергия өндіру көлемі әлемдегі электр энергиясына деген сұраныстың артуына сәйкес келмей отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемде өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 29,9 ПВт⋅сағ (петаватт-сағат) құрап, 2,5%-ға өсті. Жел энергетикасы 10,3%-ға артып, 2,3 ПВт⋅сағ-қа жетсе, күн энергетикасы 24,2%-ға өсіп, 1,6 ПВт⋅сағ өндірді. Жел энергетикасының әлемдік электр энергиясын өндірудегі үлесі 7,8%, ал күн энергетикасының үлесі 5,5% болды.

Соңғы 10 жылда әлемдік электр энергиясы өндірісі 6,5 ПВт⋅сағ-қа артты, алайда жел энергетикасы небәрі 1,7 ПВт⋅сағ, ал күн энергетикасы 1,5 ПВт⋅сағ қосқан. Негізгі өсім қазба отын есебінен болып отыр, бұл декарбонизацияға кедергі келтіреді.

2023 жылы Қазақстанда жел және күн энергетикасы жалпы электр энергиясын өндірудің 5%-ын құрады (2022 жылы 3,6% болған). Дегенмен, Қазақстан әлемдік көрсеткіштерден әлі де айтарлықтай артта қалып отыр. Мысалы, Германияда жел энергетикасы жалпы энергияның 27,7%-ын, ал күн энергетикасы 11,9%-ын қамтамасыз етеді. АҚШ пен Қытайда жел энергетикасының үлесі сәйкесінше 9,6% және 9,4%, ал күн энергетикасының үлесі 5,4% және 6,2%-ды құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Энергия #өндіріс #Сұраныс #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28

Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Бүгін 10:22

XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің бірінде бірегей білім беру кеңістігі құрылды

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика