Әлемде атом энергетикасына деген қызығушылық артып келеді

Әлемде атом энергетикасына деген қызығушылық артып келеді Қазатомөнеркәсіп холдингі

2024 жылы Қазатомөнеркәсіптің операциялық және қаржылық нәтижелері тұрақты болды.

Уран өндіру көлемі 23 мың тоннадан асты, ал компаниялар тобы бойынша сату көлемі 16,5 мың тоннадан асты. 2023 жылмен салыстырғанда кіріс 26%-ға өсіп, рекордтық 1,8 трлн теңгеге жетті.

Қазатомөнеркәсіп холдингі бойынша Қазақстан бюджетіне 723 млрд теңгеден астам салық аударылды, оның ішінде 31 млрд теңгеден астамы өңірлік бюджеттерге жіберілді.

Әлемде атом энергетикасына деген қызығушылық артып келеді. Сондықтан, компанияның позициясын нығайту үшін алдағы он жылға арналған жаңартылған даму стратегиясын қабылдадық.

Біз негізгі бағытымыз – уран өндіруге баса назар аударамыз. Сонымен қатар, экономикалық параметрлерді ескере отырып, ядролық отын циклін дамытуды қарастырамыз. Сирек және сирек жер металдарының бағыты мен ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі дамытатын боламыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, компания ресурстық базаны кеңейту және тиімді пайдалану бойынша жұмысты жалғастырады. 2024 жылы Түркістан облысында шамамен 170 мың тонна болжамды әлеуеті бар уранды барлауға жаңа лицензия алдық. Сонымен қатар, «Инкай» кен орнының №3 учаскесінде уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіретін келісімшартқа қол қойылды. Бұл учаске 83 мың тоннадан астам қоры бар Қазақстандағы негізгі уран кен орындарының бірі.

Жер қойнауын пайдалану құқығы біздің 100% еншілес ұйым – «Қазатомөнеркәсіп-SaUran»-ға берілді.

Қазатомөнеркәсіп уран өндірумен ғана айналыспайды – біз үшін ядролық отын циклін дамыту да маңызды. Үлбі металлургия зауытында отын таблеткалары, ал «Үлбі-ТВС» зауытында жылу бөлетін құрамалар, яғни, АЭС үшін дайын ядролық отын өндіріледі. Өткен жылдың маңызды жетістігі – «Үлбі-ТВС» толық жобалық қуатқа шықты. Бұл жылына ТВС түріндегі 200 тонна төмен байытылған уранға тең. Қазақстан Орталық Азиядағы осындай өндірісі бар жалғыз ел саналады.

Біз сондай-ақ тантал, ниобий және бериллий сияқты сирек металдардың минералды-шикізат базасын толтырамыз, өйткені оларға әлемдік сұраныс өсіп келеді.

Өткен жылы Қазатомөнеркәсіп Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарындағы кен орындарын барлауға лицензия алды. Қорларды бағалау және дәлелдеу үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Компания сатуды әртараптандыруды және трейдинг функциясын дамытуды жалғастырады. Бұл жеткізу географиясын кеңейтуге және нарық қажеттіліктеріне икемді жауап беруге мүмкіндік береді.

Өткен жылы біз 8 елдегі 19 клиентке өнім саттық. Бұл ретте Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Канададағы клиенттерге алғашқы жеткізілімдер жүзеге асырылды. Сондай-ақ, швейцариялық энергетикалық компаниямен алғашқы келісімшарт жасалды. Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатырмыз. Тәжікстанмен сирек және сирек жер металдар бағытын дамыту бойынша, ал Франциямен білім беру және атом саласы үшін кадрлар даярлау саласында меморандумға қол қойылды.

Моңғолияның аумағында уранды барлау және өндіру жобаларын зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Өндірістік қауіпсіздік біз үшін ең басты басымдық болып қала береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп осы саладағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары арасында бірінші орынды иеленді.

Еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларға шамамен 13 млрд теңге жұмсалды. Біздің стратегиямызда алдыңғы қатарлы бизнес және ESG-тәжірибелерін жетілдіру маңызды орын алады. Экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық стандарттарды енгіземіз. Экология мәселелеріне ерекше назар аударылады. 2024 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Біз қызметкерлеріміздің, олардың отбасыларының және өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды дамытуды жалғастырамыз. 2024 жылы осындай бастамаларды іске асыруға 3,7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша 4 млрд теңге бөлінді.

Біз сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін дамытамыз. Өткен жылы бірнеше ірі бастамалар аяқталды:

- балқыту қышқылын пайдалана отырып, ұңғымаларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының технологиясы әзірленді;

- өндірістік процестерді автоматтандыру үшін екі робототехникалық кешен жасалды;

- аммиакты өндіріс процесіне қайтару технологиясы әзірленді;

- қуаты 30 кВт-қа дейін электр энергиясын өндіруге арналған қышқылға төзімді тәжірибелік қондырғы құрылды.

Сфероидталған металл ұнтақтарын алу технологиясын әзірлеу жобасын дайындап жатырмыз. Сондай-ақ, АҚШ, Жапония және отандық ғылыми ұйымдарымен бірлесіп, медициналық мақсаттағы радиоизотоптарды алу технологиясын игеру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тағы бір маңызды бағыт – ол уран өндіру кезінде құнды компоненттерді ілеспе түрде алу. Мысалы, скандий мен ванадийді түзу мүмкіндіктері зерттелуде. Сонымен қатар, аммоний перренатын алу үшін мобильді қондырғы құрылды. Ғылыми жобаларды енгізудің экономикалық әсері 2024 жылы шамамен 1,7 млрд теңгені құрады.

Біз өндірістік процестерді оңтайландыруға, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған зерттеулерге инвестиция салуды жалғастырамыз. Осылайша, Қазатомөнеркәсіп әлемдік атом саласындағы Қазақстанның беделін нығайтып қана қоймай, ел экономикасы мен өңірлердің дамуына да елеулі үлес қосады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:41

21:39

15:46

15:15

15:11

14:50

14:11

13:41

13:16

12:42

12:12

11:51

11:11

10:40

10:32

10:02

10:01

17:56

17:45

17:22

17:15

17:01

16:47

16:44

16:41