AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемде 5 млрд-қа жуық адам тақыр кедейге айналды

Әлемде 5 млрд-қа жуық адам тақыр кедейге айналды

Әлем 17.01.2024, 04:53 1,131
Әлемде 5 млрд-қа жуық адам тақыр кедейге айналды
Сурет: Сabar.asia

Ал оның зардаптарын жоюға екі ғасырдан аса уақыт қажет. 


Күллі әлем бойынша кедейлікпен күрес жөніндегі мәселелерді зерттейтін, 90-нан аса елде жұмыс істейтін аса ірі Oxfam халықаралық бірлестігі 2020 жылдан бері планетадағы ең дәулеті шалқыған бес адамның капиталы 869 млрд доллларға көбейгенін анықтаған.


Сонымен қатар, адамзаттың ең кедей 60 пайызының, яғни, 5 млрд-қа тарта адамның тақыр кедейге айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жайында islam.kz порталы Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.


Сарапшылар бүгінгі қалыптасқан тенденция сақталатын болса, әлемдегі кедейлікті еңсеруге кем дегенде 229 жыл кететінін ескертеді.


COVID-19 пандемиясынан кейін теңсіздіктің күрт өсіп, әлемдегі миллиардерлер 2020 жылмен салыстырғанда 3,3 триллион долларға байыған және олардың байлығы инфляция қарқынынан үш есе жылдам өскен. Wealth зерттеу орталығының деректері негізінде жүргізілген есеп бойынша әлемнің ең бай бес адамы - Илон Маск, Бернард Арно, Жефф Безос, Ларри Эллисон және Марк Цукербергтің жиынтық байлығы 464 миллиард долларға немесе 114%-ға артқан. Дәл осы кезеңде әлем халқының 60%-ын құрайтын ең кедей 4,77 млрд адамның жалпы байлығы 0,2%-ға кеміген. 52 елде 800 миллионға жуық жұмысшының орташа нақты жалақысы төмендеді.


Соңғы екі жылда бұл жұмысшылардың барлығы 1,5 триллион доллар жоғалтқан екен, бұл көрсеткіш әрбір жұмысшының 25 күндік жоғалтқан жалақысына тең. Дүние жүзіндегі 148 ірі корпорация 2023 жылдың маусым айына дейінгі аралықта жалпы 1,8 триллион доллар табыс тапты, бұл мөлшер 2018-2021 жылдардағы орташа таза пайдадан 52 пайызға көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #кедеклік #Зардаптары #мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Кеше 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Кеше 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Кеше 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Кеше 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика