AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық...

Әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

Саясат 11.10.2023, 04:27 1,391 Almaty-akshamy.kz. 
Әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға құттықтау жолдады.


Президент құттықтауын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Kazinform -ға сілтеме жасап.





«Аса мәртебелі дін өкілдері, қадірлі меймандар! Баршаңызды әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл алғашқы съездің шақырылғанына - 20 жыл. Бұл игі бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, аз уақыттың ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толеранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді. Бас қосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртшылығын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын ортаға салады», - деді Мемлекет басшысы құттықтауында.




Президент қазір геосаяси ахуал ушығып, түрлі сын-қатерлер күшейіп тұрғанына назар аудартты.




«Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша рөл атқарады. Рухани лидерлер осы бағытта күш жұмылдырып, барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін. Хатшылықтың бүгінгі отырысы да осы мақсатқа орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дінаралық және өркениаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді. Оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұсынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бейбітшілік #президент #Дін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

БҰҰ Бас хатшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22

Құрбан айтта неше күн демалыс?

Бүгін 09:10

Еліміздің барлық өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:31

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Кеше 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);