AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем бойынша ауа райы құбылды

Әлем бойынша ауа райы құбылды

Әлем 26.12.2023, 09:08 1,182
Әлем бойынша ауа райы құбылды
Сурет: 24.kz

АҚШ-тың 3 бірдей штатында ақтүтек боран соғып, қалың қар түсті.


Солтүстік Дакотада жүк көлігі жолдан шығып кетті.


Ал австралиялықтар Рождество мерекесін жауын-шашын астында қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Таиландтың оңтүстігін су басып, теміржол, көлік қатынасы тоқтаған. Кашмир халқы қыстың ең суық күндерін бастан өткеріп жатыр.


Линкольнде алапат дауыл соғып, қалың қар түсті. Метеорологтардың мәліметінше, желдің екпіні сағатына 55 шақырымға дейін жеткен. Билік тұрғындарды тысқа шықпауға және көлік тізгіндемеуге шақырды. Өйткені дүлей дауылдан жол көрінбей, ағаштар құлауы мүмкін деген қауіп бар. Синоптиктер қолайсыз ауа райы сәрсенбіге дейін жалғасатынын ескертті. 


Небраска штатының солтүстік-шығысында боран соғып, қар жауды. Көктайғақ салдарынан қалада қозғалыс қиындады. Дүлей желдің кесірінен ағаштар құлауы ықтимал деген қауіп бар. Мамандардың сөзінше, желдің екпіні сағатына 45 шақырымға жеткен. Қазір мұнда тазалық сақшылары техниканың көмегімен қалың қарды аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  


Жүк көлігі жолдан шығып кетті Солтүстік Дакотаның шығысына қатты дауыл соғып, соңы көктайғаққа ұласты. Салдарынан Фарго-Мурхед тасжолында жүк көлігі жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Қазір аймақтағы 94 штатаралық тасжол уақытша жабылды.  


Ал Австралияда Рождество қарсаңында күн райы бұзылып тұр. Шығыс жағалаудағы елді мекендерде найзағай ойнап, күн күркіреді. Квинслендтің оңтүстік-шығысы мен Жаңа Уэльстің солтүстігіне қатты жауын-шашын түсіп, дүлей дауыл соқты.   Таиландтың оңтүстігін су басты Таиландта да осыған ұқсас жағдай. 2 күн қатарынан жауған жауын-шашын салдарынан оңтүстіктегі елді мекендерді су басты.


Тасқын салдарынан 50 мыңға жуық тұрғын зардап шеккен. Әсіресе Наративат пен Ялла провинциясында жағдай алаңдатарлық. Қазір мұнда мектептер жұмысын уақытша тоқтатты. Көшеде жолдар жабылып, қозғалыс шектелген. Теміржол қатынасы да әзірге жұмыс істемейді.   Кашмирді тұман басты Кашмирдің Сринагар аймағында температура күрт төмендеп, қаланы тұман басты. Қазір мұнда қыстың 40 күндік ең суық кезеңі тіркелді. Синоптиктер мұндай ауа райы желтоқсанның 31-іне дейін жалғасады деп болжайды.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Әлем #құбылмалы күн райы #жауын-шашын #Дауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Кеше 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Кеше 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Кеше 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Кеше 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика