Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдымызда жаңа бастамалар күтіп тұр

Алдымызда жаңа бастамалар күтіп тұр

Әлеумет 21.10.2022, 11:46 1,337
Алдымызда жаңа бастамалар күтіп тұр
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаттары баяндалды.


Д.А.Қонаев атындағы Заң академиясының қабырғасында Президент Жолдауын талқылауға арналған алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Іс-шараға Д.А.Қонаев атындағы Заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири, заң ғылымының докторы Айтқожин Көшекұлы, профессор Еркінбек Рақымбаев бастаған осы оқу орнының оқытушылары, студенттері, т.б. жетекші мамандар қатысты.


Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының мән-маңызы, халыққа берер пайдасы, құқықтық мемлекетке айналу мәселесі, азаматтардың ой-пікірінің ашық жүруі, Конституциялық реформалар, т.б. жайында кеңінен айтылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басты қағидаттары баяндалды. Ол туралы Д.А.Қонаев атындағы Заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири айтып өтті.



– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын халық ыстық ықыласпен қабылдады. Енді алдымызда жаңа бастамалар күтіп тұр. Оны жүзеге асыру бәрімізге ортақ шаруа. Сондай-ақ, құқықтық мемлекетке айналуымыз керек. Егер осыны іске асырсақ, соттың әділдігі, заңдардың орындалуы сияқты дүниелер біртіндеп шішіле бермек, – деді ол.



Сондай-ақ, дүниежүзіндегі саяси тәжірибе, оның қоғамға тигізер әсері де айтылмай қалған жоқ.  



– Біз тарихи кезеңге аяқ бастық. Еліміздегі саяси өзгерістердің ауқымы кең. Бұндай өзгерістер әлемде бар тәжірибе. Бұрынғы Парламент өз деңгейінде жұмыс атқара алмады. Соның нәтижесінде құқықтық мемлекетке айналудың жолдары ашық бола қойған жоқ. Сондықтан құқықтық-нормативтік заңдар дұрыс жұмыс істей алмады. Әлі күнге дейін Президенттің өкілеттіліктеріне байланысты Парламент жұмысын нақтылай жүргізе алмадық. Мемлекет басшысының 7 жылдық мерзім дегені оң ой. Алдағы уақытта осы мәселелерді құқықтық жолмен шеше алсақ, нұр үстіне нұр болмақ, – деді Айтқожин Қабулсамих.



Сонымен қатар, жиында парламенттік республикаға қатысты пікірлер айтылды. Оның мемлекетке берер әсері сөз болды.  



– Әлемдегі ахуал өзгеріп барады. Көрші Қырғыз елі парламентік республика болды. Бірақ онда толқулар өтіп, тұрақсыздықтар орын алды. Олар қайтадан Президенттік басқару режиміне қайтып келді. Егер біз де Парламентке бар күшті берсек, қырық пышақ болып қалуымыз мүмкін. Сондықтан Президенттік басқару болуы қажет. Ең бастысы,  жемқорлықты жою шарт. Бұл – уақыт күттірмейтін мәселе. Дәлірек айтқанда, бейжай қарауға болмайды. Мейілінше заң үстемдігін іс жүзінде жүзеге асырайық, – деді заң ғылымының докторы Еркін Дүйсенов.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жолдау #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы бекітілді

Бүгін 09:17

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін 08:55

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 75,97 жасқа жетті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, тұман...

Бүгін 08:34

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика