Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы уақытта 100 мың қазақстандық студент білімі...

Алдағы уақытта 100 мың қазақстандық студент білімін жетілдіруге мүмкіндік алады

Әлеумет 13.12.2022, 05:40 951
Алдағы уақытта 100 мың қазақстандық студент білімін жетілдіруге мүмкіндік алады
Сурет: Oqu.news

25 жоғары оқу орнының студенттері Coursera платформасында оқи алады. 


Алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент пен қолданушы Coursera платформасында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Coursera халықаралық секторының директоры Мэтью Кляйнның кездесуінде осы мәселе талқыланды.


Басқосуға білім платформасының аймақтық серіктесінің өкілі Рауан Кенжеханұлы қатысты.


​Іс-шарада тараптар бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Coursera компаниясы арасында қол қойылған үшжақты меморандумның жүзеге асырылу барысын талқылады.



«Аймақтағы 25 жоғары оқу орнының студенттері Coursera платформасында оқи алады. Олар платформадағы курстарды таңдап, қазақ немесе орыс тілінде білімін жетілдіре алады. Сәтті өткен курстар жоғары оқу орындарында кредит болып есептеледі. Қазірдің өзінде 50 курсты бейімдеу және аудару жұмыстары жүргізілуде. Coursera-мен ынтымақтастық қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуетіне оң әсер етеді деп ойлаймыз», – деді Саясат Нұрбек.



​Тәржімаланған алғашқы 50 курс 2023 жылдың қаңтарына қарай дайын болады, сосын келешекте ЖОО-ның талап-тілегі мен сұранысына қарай жыл сайын кемінде 100 курсты аудару жоспарланған. Қазақстандық оқытушылар өз курстарын Coursera платформасында орналастыруға мүмкіндік алды.


Алғашқы 50 курстың тізіміне негізінен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының білім беру платформалары, сондай-ақ Гонконг ғылым және технологиялар университетінің аз бөлігі кірді.


Енді белгілі профессор Жефри Роберт Часновтың инженерлерге арналған математика курсын немесе Колорадо университетінің порфессоры Грег Уильямстың кибершабуылды анықтау бойынша білім беру бағдарламасын қазақ тілінде тыңдауға болады. ​


Coursera – әлемнің алдыңғы қатарлы 250 университеті мен технология алыптарын біріктіретін дүние жүзіндегі аса ірі білім беру ұйымы. Жыл сайын Coursera платформасында әлемнің 200 елінен 100 миллионнан астам адам оқиды.


Атап өтейік, Қазақстандағы Coursera қолданушыларының саны 361 мың адамға жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Студент #курс #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика