Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы төрт жылда Жетісу өңірінде 10 ірі жылыжай і...

Алдағы төрт жылда Жетісу өңірінде 10 ірі жылыжай іске қосылады

Әлеумет 24.02.2022, 12:18 1,523
Алдағы төрт жылда Жетісу өңірінде 10 ірі жылыжай іске қосылады
Сурет: Impocorp.ru

Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді.


Алматы облысында ауыл шаруашылығы жағдайын талдау жылыжай бизнесін дамытудың тиімділігін көрсетті. 2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.



«Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өндірісіне көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда өткен брифинг барысында айтты, - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндірісінің көлемі бойынша Алматы облысы көш бастап, бірінші орында тұр немесе жалпы республикалық деңгейінде 14% құрап отыр.


Облыс әкімі өңірдегі аграрлық саланы талдау мұнда жылыжай бизнесін дамытудың тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Жылыжайлардағы өнімділік көкөністерді ашық жерде өсірумен салыстырғанда 7 есе жоғары, сонымен қатар маусым аралығында халықты көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бағаның тұрақтануына әсер етеді. Бүгінгі күні облыста 105,5 га жерде 102 жылыжай бар, оларда 36 мың тонна ерте пісетін көкөністер өсіріледі.



«2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өндіруге көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін жеңілдікпен кредит беру, газдың құнын 50%-ына дейін субсидиялау, көтерме-тарату орталықтарын тарту және көкөністерге арналған форвардтық сатып алуды кеңейту шаралары қабылданатын болады», - деді Қанат Бозымбаев.



Спикердің сөзіне сүйенсек, облыстағы тағы бір басымдық құс етін өндіруге беріледі, ол республика нарығы көлемінің 32%-ын, яғни  108,3 мың тоннаны құрап отыр. Қазір құс еті бойынша облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттіліктері толығымен жабылады. Импортты толық алмастыру үшін өнім шығаруды 2 есеге арттыру міндеті қойылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу #жылыжай #теплица
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика