Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алдағы жылдары елімізде 5000 мектеп жаңғыртылмақ

Алдағы жылдары елімізде 5000 мектеп жаңғыртылмақ

Білім және ғылым 12.10.2021, 07:47 1,456
Алдағы жылдары елімізде 5000 мектеп жаңғыртылмақ
Сурет: Bilimdinews.kz

Нәтижесінде үш ауысымды мектептер жойылады деп күтіледі


Үкімет отырысында «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге тоқталсақ, оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 2025 жылға қарай 1000 мектептің құрылысы жоспарлануда.


Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді толығымен жою күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5000 мектеп жаңғыртылады. Оның аясында балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, мектеп жиһазын жаңарту, мектеп кітапханаларын және асханаларды жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді А.Аймағамбетов.


Оның айтуынша, мектептердің 90%-ы пәндік кабинеттермен және 100%-ы қауіпсіз кіру, күзет және бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.



«Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету үшін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін 50 мың балаға бір осындай орталық есебінен жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Оның нәтижесінде мұндай 43 орталық ашылады. Бұдан басқа, ерекше балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын болады», - деді министр.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #жаңғырту #күрделі жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика