AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаң...

Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңадан құрылады – қала әкімі

Барлығы 17.12.2025, 16:42 400
Алдағы екі жылда Алматыда 38 қоғамдық кеңістік жаңартылып, жаңадан құрылады – қала әкімі
Алматы әкімдігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Оның айтуынша, полиорталықты дамумен бірге Алматы жасыл әрі орнықты мегаполиске айналады.

Бұл жұмысқа Лондон, Мәскеу, Шанхайдың және еліміздің үздік сарапшылары мен урбанистері тартылып отыр. Көріктендіру стандарттарын тиімді іске асыру мақсатында қалалық Урбанистика орталығы құрылды. 

"2026-2027 жылдары 38 қоғамдық кеңістікті құру және жаңғырту жоспарланған. Олардың қатарында Тұңғыш Президент саябағы, Әуежай көлі жағалауы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері және басқа да маңызды демалыс аймақтары бар. "Қасбеттен қасбетке дейін" қағидаты бойынша 68 көше жаңғыртылады. Оның аясында ғимараттар жаңарып, заманауи шамдар орнатылады, тротуарлар төселіп, аумақтар көріктендіріледі", – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, қала тазалығын қамтамасыз ету үшін "Алматы Тазалық" коммуналдық кәсіпорнының жұмысы күшейтілді. Атап айтқанда, қызметкерлер саны 600 адамнан 2 000 адамға дейін ұлғайды, еңбекақы мөлшері 170 мың теңгеден 370 мың теңгеге дейін артты, сондай-ақ 330 бірлік жаңа арнайы техника сатып алынды.

Сондай-ақ, "Жасыл Алматы" бірыңғай операторы құрылды. Оның қарамағына 400 гектардан астам жасыл аумақ кезең-кезеңімен беріліп жатыр.  Бұған қоса, "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында жыл басынан беріп Алматыда 9,4 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 58 мың куб метрден астам қоқыс шығарылды. Бұл жұмыс 2026 жылы да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоғамдық кеңістік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика