конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алаяқтарды қалай айналып өтуге болады? Сарапшы кең...

Алаяқтарды қалай айналып өтуге болады? Сарапшы кеңес берді

Мұны білген жөн 01.06.2026, 15:25 135
Алаяқтарды қалай айналып өтуге болады? Сарапшы кеңес берді

Соңғы уақытта интернет алаяқтары жеке деректер мен аккаунттарға қол жеткізудің жаңа тәсілдерін қолдана бастаған. Осыған байланысты заңгер Абзал Бекбосынов Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында қауіптің негізгі белгілері мен сақтық шараларын түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі kaz.inform.kz-ға сілтеме жасап.

– Алаяқтардың әдісі бойынша пайдаланушыға «Telegram қолдау қызметінен» хабарлама келеді. Онда «Сіздің аккаунтыңызды жою туралы сұрау түсті, егер бұл сіз болмасаңыз, 24 сағат ішінде мына батырманы басып, әрекетті тоқтатыңыз» деп жазылады. Бұл – психологиялық қысым. Адам аккаунтынан айырылып қалудан қорқып, асығыс шешім қабылдайды. Сілтемеге өткен кезде сізден растау кодын енгізу сұралады. Кодты жазған сәтте алаяқтар аккаунтыңызды толық бақылауға алады. Олар сіздің атыңыздан жақындарыңыздан ақша сұрауы немесе жеке деректеріңізді өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін, – деді спикер.

Абзал Бекбосынов

Фото: видеодан алынған скрин

Маман мұндай жағдайға тап болғанда бірден әрекет ету қажеттігін атап өтті.

– Алдымен скриншот жасап, күмәнді сілтемелерді бұғаттау керек. Екі факторлы аутентификацияны қосу қажет. Сонымен қатар киберполицияға немесе жергілікті полицияға жүгіну керек. Егер банк шоттарына қатысты күмән туындаса, оларды да бұғаттаған жөн, – деді ол.

Сарапшының айтуынша, қазіргі таңда алаяқтық тек қарапайым тәсілдермен шектелмей, шетелден басқарылатын күрделі киберқылмыс түріне айналып отыр.

– Жақында Қазақстанның ІІМ Украина полициясымен бірлесіп, осындай қылмыстық топтарды анықтап, құрықтады. Сондықтан интернет кеңістігінде барынша сақ болу қажет, – деді Абзал Бекбосынов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #Интернет-алаяқтық #алаяқтық #фишинг-алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң алдында бәрі тең»: Мәдениет және ақпарат министрі БАҚ пен блогерлерге үндеу жасады

Бүгін 12:15

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

Бүгін 11:24

Алматының ғылыми және академиялық қауымдастығы қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 11:01

Алматылықтар көлігіне тегін орын ала алады

Бүгін 10:26

Биік таулы аймақтарда туристер үшін авариялық қор жәшіктері орнатылуда

Бүгін 10:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);