Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатаудан басталған арман

Алатаудан басталған арман

Әлеумет 06.10.2025, 08:33 480
Алатаудан басталған арман
Сурет: Дана Қарағұсованың инстаграм парақшасынан

Бүгінде қазақ қыздарының арманы тек аспанда ғана емес, ғарышта жалғасып жатыр. Кәсіпкер, альпинист, арман қуған ару Дана Қарағұсова жуырда ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы қазақ әйелі атанбақ.

Бұл – тек жеке жетістік емес, қазақ әйелінің шексіз мүмкіндігінің дәлелі.

Алатаудың ақ шыңдарына құмарта көз тігіп өскен алматылық Дана, бала кезінен биікті бағындыруды армандаған. Килиманджаро мен Эльбрус секілді әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған ол, енді ғарыш кеңістігіне қадам баспақ. 

Биікке өрлеу – өзімді сынаудың тәсілі», – дейді ол. Бұл оның өмірлік қағидасына айналған. «Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігіңізді кеңейте түсеміз», – деп жазды болашақ ғарыш турисі Instagram-дағы парақшасына.

Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметке қарағанда, Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа мен дистрибуция салаларында түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысқан. Мәселен, биыл әйгілі Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концертін өткізуге атсалысқан. 43 жастағы Дананың кәсіппен айналысып жүргеніне 25 жылдан асты. Қарағұсованы First Media Group (FMG) маркетинг холдингінің негізін қалаушы деп атайды.

Осы жоба аясында Blue Origin ғарышқа 75 адамды алып шықты. Тарихта қалатын NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасының 15-нші сапары. Ғарышқа саяхат бар болғаны 10-12 минутқа созылады. Зымыран 100 шақырым биікке көтеріліп, ғарыш басталатын тұсқа дейін жетеді. Дана жанындағы 5 жолаушымен бірге жердің тартылыс күшінен алыстап, әуеде қалықтайды. Олар Жерді ғарыштан тамашалайды.

Данамен бірге кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартап негізін қалаушы Аарон Ньюман,  украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөнін жарияламаған тағы бір жолаушы ғарышқа жол тартпақ.

Компания сапар құнын нақты атамағанымен, бір орынға алдын ала тапсырыс беру үшін 150 000 АҚШ доллары көлемінде депозит төлеу қажет екені айтылған. Ал саяхаттың жалпы құны 1 миллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Дананың анасы – танымал қоғам қайраткері Гүлжан Қарағұсова. Ол Қазақстанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды, кейін ұзақ жылдар Парламент депутаты қызметін атқарды.

Ал Дана – қазіргі заманғы кәсіпкер әйелдің жарқын үлгісі. Ол Instagram парақшасында жеке өмірі мен саяхаттары туралы ашық жазып, оқырманмен еркін тілдеседі. Бұрын ол танымал блогер Бейбіт Әлібековпен отасқан. Екеуінің үш баласы бар. Кейін отбасы тарап кеткен. Бейбіт Әлібеков осыдан біраз бұрын ғана әлеуметтік желіде: «Менің бұрынғы әйелім 8 қазан күні ғарышқа ұшады. Дана Қазақстанның тұңғыш ғарыш турисі болады. Оған сәттілік тілейік», – деп жазды.     

Қарапайым қазақ қызы енді ғарышқа аттанғалы отыр. Бұл – тек Дана Қарағұсованың емес, барша қазақ әйелінің арманын жүзеге асыратын тарихи сәт.

Сонымен, Дананың ғарышқа сапары Батыс Техастағы нөмірі бірінші ғарыш айлағынан ертең, Астана уақытымен сағат 18.00-де жүзеге асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарыш #қазақ әйелі #турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі