AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданының үздік коммуналдық қызметкерлері м...

Алатау ауданының үздік коммуналдық қызметкерлері марапатталды

Әлеумет 21.03.2025, 15:51 1,064
Алатау ауданының үздік коммуналдық қызметкерлері марапатталды
Самат Құсайынов
Бүгін мереке қарсаңында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев коммуналдық қызметтің үздік қызметкерлерін құттықтады.
 
«Ауданның үздік коммуналдық қызметкері» атағын беруде тұрғындармен қарым-қатынас және қызметкерлер бекітілген аулалар мен тұрғын үйлердің жағдайы басты критерий саналды.
 
Аудан әкімі коммуналдық қызмет өкілдеріне адал еңбегі үшін алғыс білдіре отырып: 
 
– Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шара қаламыздың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған кез келген мамандықтың маңыздылығын көрсетеді, – деді марапаттау кезінде. 
 
Ол сондай-ақ: 
– Біздің қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі – өз ісін шын мәнінде сапалы атқарғысы келетін әрбір жанға үлгі. Бүгінгі жеңімпаздарымыз да өз жұмысына кешенді көзқараспен қарайтын нағыз мамандар екенін дәлелдеді, – деп түйіндеді сөзін Талғат Малыбаев.
 
Марапатқа ие болғандардың бірі Асхат Қыпшақбаев аудан басшылығына өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
 
– Өз жұмысымда ешқандай ерекшелік көрмеймін. Менің міндетім – Саялы шағынауданында тазалықты сақтау. Мен марапат немесе сыйлық алу үшін жұмыс істеген жоқпын, мен үшін ең бастысы – жергілікті тұрғындардың алғысы. Олар «тазалық – тек жинаған жерде емес, ластамайтын жерде болады» деген қағиданы ұстанатынын түсінсе, мен үшін үлкен жетістік. Әрине, аудан басшылығының еңбегімізді ескергені қуантады. Болашақта да Алматының тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін аянбай еңбек етемін, – деді Асхат Қыпшақбаев.
 
Алатау ауданындағы коммуналдық қызметтің үздік қызметкерлері деп танылғандар:
1. Амангелді Нұртазин
2. Ержан Құжемқұлов
3. Дидар Қонысбаев және Асхат Қыпшақбаев
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден Азия ойындарының чемпионы атанды

Бүгін 06:41

Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде

Кеше 19:19

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Кеше 18:45

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Кеше 18:11

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық және AI құралдары бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);