«Alatau Aqparat» медиахолдингінің подкаст-студиясы ашылды

«Alatau Aqparat» медиахолдингінің подкаст-студиясы ашылды aqshamnews.kz

 «Alatau Aqparat» медиахолдингінде заманауи подкаст студиясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға белгілі медиаменеджерлер, телеарналар мен БАҚ басшылары, блогерлер, ютюберлер мен кәсіпкерлер, серіктес ұжым өкілдері қатысты.

Жобаның басты мақсаты дәстүрлі және жаңа медианы ұштастыра отырып, кең аудиторияға әртүрлі форматта сапалы контент ұсынып, отандық медиа саланы дамытуға үлес қосу. Заманауи техникалармен жабдықталған бұл алаң – шығармашылық жобаларға серпін беріп, жас мамандарды даярлауға, ақпарат кеңістігінде жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 Ашылу салтанатында «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы «Студияны қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, сараптамалық пікірлер мен эксклюзивті сұхбаттар ұсынатын мазмұнды алаңға айналдыруды мақсат етіп отырмыз. Подкасттар аудиторияның ақпарат тұтыну дағдысына сай әзірленіп, ашық, еркін әрі тартымды форматта ұсынылады. Басты мақсат – ақпаратты сапалы, сенімді, нақты әрі қызықты ету», – деді.

Оның сөзінше, аталған студияны «Адырна» ақпараттық агенттігі бастаған бірінеше серіктестермен бірлесе жасақтаған. 

Өз кезігінде белгілі медиа-менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы елдегі медиахолдингтер арасында алғашқылардың бірі болып подкаст-студия ашып жатқан әріптестеріне сәттілік тіледі.

«Елді елең еткізер, көптің көңілінен шығатын, тұшымды ойлар айтатын, көрермені көп, таралымы кең жоба болсын», – деді ол.

 «Жас Қазақ» газетінің Бас  редакторы, КТК телеарнасы Бас директорының орынбасары Срайыл Смайыл да тұсауы кесілген студияның әріптестерінің әлеуетін ашып, медиакеңістіктегі орнын айшықтай түсері сөзсіз деген тілегін жеткізді.

«Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы» газеттері аймақтық басылым болғанымен, медиадағы мәртебесі жағынан республикалық деңгейдегі үлкен ақпарат құралы екені даусыз. Іргеміздегі қырғыз елінің мемлекеттік «Кабар» деген өте үлкен агенттігі бар. «Alatau Aqparat» сол іргелі агенттікпен ынтымақтастық меморандумына қол қойып, байланыс орнатып жатыр екен, жақында естіп, оқып, қатты қуандым. Демек, медиахолдингтің көкжиегі кеңейіп, халықаралық деңгейге шықты деген сөз бұл. Осындай әлеуеті бар әріптестер ашып отырған бүгінгі подкаст-студия да кесек-кесек ойлар айтатын медиа алаңға айналады деп сенемін», – деді ол.

Ал «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры Серік Әбікенұлы баспасөздің тағдыры күрделілеу болып тұрған осынау шақта подкаст-студия ашу – өте қолдайтын дүние екендігін тілге тиек етті.

«Бұқаралық ақпарат құралы заманның үрдісінен қалмауы керек. Сол заманмен бірге қатар қадам басамыз деп тәуекел етіп бір іс бастаған екенсіздер, сәттілік тілейміз. Осы шағын студияда ұлттың сөзін айтатын, мемлекеттің жоғын жоқтайтын үлкен ойлар айтылсын», – деді.

Танымал журналист-педагог, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай: «Қазір елімізде осы медиахолдингтер институты қарқынды дамып келеді. Сол көштің алдыңғы қатарында жүрген «Alatau Aqparat»-ты кейінгі бір-екі жылдың көлемінде жақсы жағынан естіп, көріп жүрміз. Газет енді тек оқытып қана қоймай, осы подкаст-студия арқылы көрсетеді, әрі тыңдатады. Яғни бүгінде көп айтылып жүрген кросс-медиаға «Alatau Aqparat» та ілесті. Демек, тыңдай алмайтындар оқиды, оқи алмайтындар көреді. Озық та заманауи трендтердің бәрін осы медиа-студиядан көрейік!», – деді.

Сонымен қатар, Арман Әубәкір, Айдос Жұқанұлы, Бауыржан Кәріпов, Ербол Азанбек, Ербол Сейілхан, Мейіржан Әуелханұлы, Айбар Олжаев пен Нұрлан Жұмахан сынды БАҚ саласының майталмандары өз ойларын ортаға салды.  

Студияның ашылу рәсімінен кейін қонақтар медиахолдинг музейін аралап, Қазақстан журналистикасы тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

  Подкаст студияда түсірілетін сараптамалық пікірлер мен эксклюзивті сұхбаттар медиахолдинг құрамына кіретін aqshamnews.kz, vecher.kz және alnews.kz ақпаратық ресурстарында, сонымен қатар, әлеуметтік желілерінде де жарияланып отырады.

Студияның ашылу рәсімінен кейін қонақтар медиахолдинг музейін аралап, Қазақстан журналистикасы тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Подкаст – студияда түсірілетін сарап­тамалық пікірлер мен эксклюзивті сұх­баттар медиахолдинг құрамына кіретін aqshamnews.kz, vecher.kz және alnews.kz ақпаратық ресурстарында, сонымен қа­тар, әлеуметтік желілерінде де жарияла­нып отырады.

ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ

Срайыл СМАЙЫЛ,  «Jas Qazaq» газетінің Бас редакторы:

МЕДИАДАҒЫ ОРНЫ АЙШЫҚТАЛА ТҮСТІ

«Almaty aqshamy» мен «Вечерний Ал­маты» газеттері аймақтық басылым болға­нымен, медиадағы мәртебесі жағынан республикалық деңгейдегі үлкен ақпарат құралы екені даусыз. Мынау іргеміздегі қырғыз елінің мемлекеттік «Кабар» деген өте үлкен агенттігі бар. «Alatau Aqparat» сол іргелі агенттікпен ынтымақтастық ме­морандумына қол қойып, байланыс орна­тып жатыр екен, жақында естіп, оқып, қатты қуандым. Демек, медиахолдингтің көкжиегі кеңейіп, халықаралық деңгейге шықты деген сөз бұл. Бүгін тұсауы кесіліп жатқан студия да әріптестеріміздің әлеуетін ашып, медиакеңістіктегі орнын айшықтай түсері анық.

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ,

«Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры:

ШАҒЫН СТУДИЯДА ҮЛКЕН  ОЙЛАР АЙТЫЛСЫН

Қазіргі кезеңде ұлттық бұқаралық ақпа­рат құралдарының бағы алай-бұлай болып тұрған кезең ғой. Сондықтан да, әсіресе, баспасөздің тағдыры қиын болып тұрған осындай шақта подкаст-студия ашу – өте қолдайтын дүние. Өйткені, бұқаралық ақ­парат құралы заманның үрдісінен қалмауы керек. Сол заманмен бірге қатар қадам басамыз деп тәуекел етіп бір іс бастаған екенсіздер, сәттілік тілейміз. Осы шағын ғана студияда ұлттың сөзін айтатын, мемле­кеттің жоғын жоқтайтын үлкен ойлар ай­тылсын. Қазақ қоғамына, мемлекетке қыз­мет ететін, біздің болмысымызға сай дүниелерді шығарып, елдің ықыласына бөлене беріңіздер.

Бауыржан КӘРІПОВ, интернет-жобалар жетекшісі:

ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Шетелдік тәжірибені, жаңашылдыққа құмар сергек көзқарасты аймақтық газетке пайдалану өте құптарлық қадам. Мысалы, Түркияда саяси-сараптамалық бағдарла­маларды газетте жарияланған мақалалар бойынша жасайды. Өкінішке орай, біздің елде, медиада әлеуметтік желіні, әсіресе, фейсбукті бірінші орынға қойып тастадық. Мысалы, кез келген дау-дамай тудырған немесе әлдебір маңызды оқиға ертесіне егжей-тегжейлі талданып, зерделеніп, га­зетте жариялануы керек. Нүктесін де сол мақала қоюы қажет. Міне, мерзімді басы­лымның көтерер жүгі осындай болғаны абзал. Сіздер де осындай биікке шығыңыз­дар, «Almaty aqshamy» газетінде енді қан­дай подкаст шығады екен деп күтіп жүретін болайық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:12

16:38

16:37

16:34

16:13

15:52

15:41

15:39

15:37

15:36

15:24

14:47

14:36

13:15

13:12

13:02

12:56

12:47

12:45

12:43

12:41

12:39

12:36

12:33

12:31