ffin.kz

Alataý Aqparat: жыл қорытындысы мен болашаққа жоспар

Alataý Aqparat: жыл қорытындысы мен болашаққа жоспар Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жаңа 2022 жылға санаулы күн қалды.


Дәстүр бойынша біз өткен жылдың қорытындысын шығарып, жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып жатырмыз. Almaty-akshamy.kz тілшісі Alataý Aqparat медиахолдингінің соңғы 365 күндегі ең маңызды және әсерлі оқиғаларына шолу жасайды.


Өтіп бара жатқан жыл ерекше болды, еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Жыл бойы «Алматы-ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде, басылым сайттарында нөмірден нөмірге, шығарылымнан шығарылымға дейін тарих беттерін парақтадық, егеменді елдің шежіресіне есімдері алтын әріптермен жазылған ел аузында жүрген көрнекті тұлғалармен таныстырдық, «Тәуелсіздік құрдастары» атты арнайы тақырыптық айдармен жаңа есімдер де белгілі болды.


Біз үшін 2021 жылы қос мереке қатар келді. Еліміздің ақсақал жасындағы басылымдарының бірі, «Alataý Aqparat» медиахолдингінің құрамына кіретін «Вечерний Алматы» газеті 85 жылдық мерейтойын атап өтті!


Осы маңызды шараға орай, арнайы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қала хабаршысына ребрендинг жасалды. Газеттің келбеті айтарлықтай өзгерді: заманауи дизайн мен жаңа айдарлар пайда болды, авторлық мазмұн көбірек қамтылды, қала тынысын баяндайтын хабарламалар басылымда қайта жариялана бастады.


85 жылдық тарихы мен жасына қарамастан, бұл басылым заман көшіне ілесіп келеді. Бүгінде «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттері жай ғана газет емес, сонымен қатар қалалық жаңалықтардың, Almaty-akshamy.kz және Vecher.kz интернет-порталдарына айналды. Цифрлық ақпараттық мұрағат құру жобасы аяқталуға жақын, ондаған жылдар бойы жарық көрген газеттің көшірмелері оқырмандарға электронды форматта қолжетімді болады.


«Ақшам» жаққан жұлдыздар


Медиахолдингтің басылымдарын дамыту стратегиясы белсенді қоғамдық қайраткерлікті, атап айтқанда, әлеуметтік жобалардағы белсінділікті көздейді және қамтиды.


Соның бірі «Алматы-ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінің арнайы жүлдесі үшін балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының онлайн байқауы болды. Ол жыл бойы өткізіліп, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні, Халықаралық балаларды қорғау күні сияқты маңызды күндерге  орайластырылды. Жас дарындарға ноутбук, смартфон және басқа да гаджеттер түріндегі бағалы сыйлықтар табыс етілді.



Жазылыңыз да ұтып алыңыз!


85 жыл ішінде «Вечерка» Алматының басты символдарының біріне айналды. Басылымның мерейтойы – газетті шығарған және жасап жатқандардың ғана емес, оның барлық адал жанкүйерінің мерекесі. Оқырмандар газетке жазылудың игі дәстүрін балалары мен немерелеріне мұра етіп қалдырып, ондаған жылдар бойы махаббатымен әлдилеп келеді.



Наурыз айында газетке жазылған оқырмандар арасында «Жазылыңыз да, ұтып алыңыз!» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Ең үздік отандық санаторийлерге, шипажайларға жолдамалар, тұрмыстық техникалар сияқты бағалы сыйлықтар ойнатылды.



Тауға шығу да түк емес!


Іле Алатауының тау шыңдарын бағындыру мерейтойлық іс-шараның нағыз шарықтау шегіне айналды.


«Вечерний Алматы» газетінің 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын «Alataý Aqparat» холдингінің ұжымы 28 панфиловшылар атындағы шыңға шығып, редакцияның туын 4120 метр биіктікте желбіретіп атап өтті.



Алып шыңды бағындырғаннан кейін, басқа арман бар ма дерсіз? Бірақ біздің батыл жігіттер мұнымен тоқтап қалған жоқ. Мақсатты да табанды журналистер команданың бұрынғы рекордын жаңартуды ұйғарды. Әрине, ол қадам сәтті болды. 3 шілдеде Alataý Aqparat медиахолдингінің қызметкерлері Бақыт Ойса мен Самат Құсайынов панфиловшылар гвардиясының 28-ші шыңына екінші рет көтерілді. Олар шыңға белгіленген уақыттан екі сағат ерте жетіп, әуесқой альпинистердің рекордын жаңартты.



Алған әсерімен бөліскен Бақыт Ойса шыңға көтерілу оңай болмағанын, бірақ тату-тәтті «Alatay Aqparat» командасының, «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттерінің қызметкерлері мен, әрине, басшысы Төлеміс Күлмұхамедовтің қолдауы үнемі сезіліп тұрғанын атап өтті. Журналистер Алматы газеттерінің тарихында бұрын-соңды болмаған оқиғаны тау биігіне мерейтойлық естелік тақта орнатумен атап өтуді ұйғарды.



Су – тіршілік нәрі


Биылғы жаздың өте ыстық, құрғақ болғаны баршаңызға мәлім. Осы жазда Alataý Aqparat командасының бастамасымен өткізілген «Қаламыздың ағаштарының өмірін ұзартуға қосыл!» атты экологиялық челленджі қорғансыз өсімдіктер үшін нағыз қамқорлық болды.


«Алматы-ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінің, интернет-басылымдарының қызметкерлері Абай даңғылы бойындағы журналистер аллеясындағы және кеңес маңындағы ағаштарды суаруға шықты. Медиахолдинг бұл эстафетаны қаламдас ағалары мен «Новое поколение» және «Қазақ үнi», газеттеріндегі, «Алматы» телеарнасындағы әріптестеріне табыс етті.



Игі іс журналистер қауымының басын қосты. Челлендж қала өміріне бейжай қарамайтын әрбір қала тұрғынының тарапынан да қолдау  тапты. Ағаш суару марафонына еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен азаматтары да көмек көрсетті. Акция Алматы қаласының аудандары мен аулаларында ғана емес, Қазақстан Республикасының бірқатар облыстарында да қызу жүріп, жалғасын тапты.


Еңбек түбі – береке


Өткен жылы Alataý Aqparat ұжымының сан қырлы қызметі мен жетістіктері жоғары марапаттармен лайықты бағаланды.  Журналистер қоржынында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдары, Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар, «Еңбек ардагері» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Республикалық журналистика академиясының, еліміздің Журналистер одағы және Қазақстан Республикасы Альпинистер қауымдастығының, «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған медалі және т.б. мерекелік марапаттар бар.


Газеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды ақпаратты қамтуға қосқан ерекше үлесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистері күнін мерекелеу аясында «Вечерний Алматы» редакциясының шығармашылық ұжымына нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді.



Қазақстан Президенті басылымның қаланың, жалпы еліміздің маңызды мәселелерін шешудегі ерекше рөлі мен маңыздылығын, бәсекеге қабілеттілігі мен абыройын атап өтті. Осылайша, алматылық «Вечерка» елдегі басылымдардың арасында осындай жоғары баға алған бірден-бір газет болды.



Ынтымағы жарасқан шығармашылық ұжымға Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева да өз құттықтауын жолдады. Өз кезегінде редакция ұжымын құттықтауға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та келді. Мегаполис басшысы басылым ұжымына таусылмас шабыт, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.



Сегіз қырлы, бір сырлы...


Alataý Aqparat медиахолдингінің журналистері тек жазу шеберлігімен ғана танымал емес, сонымен қатар әр түрлі спорттың жанкүйерлері.  Ұжымның кәсіби мерекесі – БАҚ қызметкерлерінің күні жеңіспен аталып өтілді – «Вечерний Алматы» газеті шахматтан Қазақстан БАҚ өкілдері арасында өткен ІІІ кубокта бірінші орынды иеленді.


Бұл жеңіс басылымның және Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойларын мерекелеу Alataý Aqparat медиахолдингі ұйымдастырған БАҚ қызметкерлері арасында бильярдтан турнирмен жалғасты.


Байқауға отандық телеарналар, мерзімді басылымдар мен ақпарат агенттіктерінің 32 өкілі қатысты. Сол күні журналистер қауымы микрофондарын, дыбыс жазу құрылғылары мен компьютерлерін бильярд таяғына айырбастады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Өтіп бара жатқан жылдың соңында Алматыда 14 команданың қатысуымен «Вечерний Алматы» газетінің 85 жылдығына арналған ардагерлер арасында футболдан қысқы қалалық біріншілік пен кубоктың ұтыс ойыны өтті.


Медиахолдинг ұжымы алматылықтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосып, ұмыт болған қала дәстүрлерін жаңғыртады. Алматыда өткен атақты «Былғары доп» футбол турнирінің бұрынғы даңқын жаңғыртатын да жоспарымыз бар.


Атаулы оқиғаның бастаушысы ретінде биыл құрылған, спорт журналисі, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Әлім Әнәпиянов басқаратын «Aqparat» ардагерлер футбол клубын айтуға болады.



Тек журналистер ғана емес...


Мерейтойлық шара аясында Мұрат Әуезов, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев, Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев сынды көрнекті қоғам қайраткерлерінен құрылған Шығармашылықты дамыту жөніндегі кеңестің жұмысы шын мәнінде айтулы оқиға болды. «Жазу майталмандары» тобының жұмысын поэзияның алыбы, әдебиеттанушы Олжас Сүлейменов басқарады. Мұндай беделді қамқорлық біздің мақтанышымыз ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсу мен тұлғалық дамудың биік белестері.


Бұл біздің журналистерді шабыттандырады, олардың көпшілігі шығармашылықпен айналысады. Сөйтіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай талантты әріптестеріміздің екі бірдей кітабы бірден жарыққа шықты. «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Әнуарбек Әуелбектің бірден екі кітабы – «Көңіл көктемі» жыр жинағы мен «Таңғажайып Талаптан» публицистикалық еңбегі жарық көрді. Ал жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және «Вечерний Алматы» газетінің журналисі Василий Шупейкин «Не только про любовь» кітабының тұсаукесерін жасады. Ұсынылған туындылар кітапхана қорын толықтырып қана қоймай, кітап сөрелерінен, алматылықтардың жүрегінен лайықты орын алатынына сенімдіміз.



Жетістікке бастар жол


Елімізде сегізінші онжылдыққа аяқ басқан басылымдар көп емес. Ал сонау 1936 жылы «Вечерканың» алғашқы саны жарық көргенде, газеттің сұрапыл соғыс, тоқырау, қайта құру, КСРО-ның ыдырауы мен тәуелсіз мемлекеттің құрылуының қиын-қыстау кезеңдерінен аман өтетінін ешкім елестете алмас еді...


«Вечерка» аман қалып қана қоймай, өзінің оқырманы мен тартымдылығын сақтап қала алды, заманауи ақпараттық кеңістікке қосылып, отандық БАҚ арасынан лайықты орнын алды.


Қаламен, елмен бірге ұзақ тарихи жолдан өткен газет жастық жігерін, сергектігін сақтап қалды. Сонымен қатар, "Вечерканың" өмірбаянында жаңғыру кезеңі басталды деп сенімді түрде айтуға болады. Жыл сайынғы «№1 Жыл таңдауы» ұлттық жобасының қорытындысы бойынша жоғары марапатқа ие болуы -  басылымның «екінші тынысының» ашылғанының тағы бір куәсі. Қазылар алқасы өкілдерінің пікірінше, бұл марапат лайықты, өйткені алматылық «Вечерка» бірнеше буынның сүйікті газеті болып келді.



Alataý Aqparat медиахолдингі ұжымының орасан еңбегі, ынтымағы, кәсіби шеберлігі мен ынта-жігерінің арқасында сүйікті қаламыздың тұрғындары тікелей ақпарат алуға, іс-шараларға қатысушы болуға және Алматының дамуына үлес қосуға мүмкіндік алды.



Баршаңызға Жаңа 2022 жыл құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жарқын оқиғалар, табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51