конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаш арысына арналған жиын

Алаш арысына арналған жиын

Әлеумет 03.05.2023, 08:40 1,619
Алаш арысына арналған жиын
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Биыл Алаш көсемі, энциклопедист-ғалым Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл. Медицина, тіл ғылымы, т.б қоғамның кез келген саласында өлшеусіз із қалдырған Алаш арысының мерейтойын атап өту Жаңалық ауылындағы жиыннан басталды.


Арыс қорының ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Ғибратты ғалым – Халел» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға алаштанушылар мен тарихшы-ғалымдар қатысып, Халел Досмұхамедұлының ұлт руханиятына сіңірген еңбегі туралы сөз қозғады. «Алаш арыстары» мешітінде марқұмның рухына Құран бағышталып, ас берілді.   



«Бұл кісінің араласпаған саласы жоқ. Барлық саланың басында тұрған үлкен ағартушы десек артық айтпаймыз. Халел Досмұхамедұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өту жоспарда бар», - деді Арыс қорының президенті Ғарифолла Әнес.



24 сәуір күні ұлт-азаттық қоғалысы жетекшілерінің бірі, Батыс Алашорда үкіметінің жетекшісі болған Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толды. Осыған байланысты Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде халелтанушылар, алаштанушы-ғалымдарды шақырып, Алаш қайраткеріне арнап дөңгелек үстел өткіздік. Біздің музей репрессия құрбандарына арналғандықтан, ұлт үшін құрбан болған барлық тұлғаның мерейтойы немесе маңызды даталарды еске алу шараларын өткізіп тұруға тырысамыз. Биыл саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды біраз тұлғаның мерейтойы болғалы тұр. Алаш қайраткерлерінін бөлек, компартияның мүшесі болса да, қазақтың мүддесін қолдаған ұлт зиялыларымыз бар. Олардың бірі – Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығы. Одан бөлек Т.Жүргеновтің 125 жылдығы мерейтойлары осы музейде өтеді, - дейді Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі Мейіржан МҰСАБАЕВ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаш #Арыс #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алименттен жалтарған алматылық әке сотталды

Бүгін 17:33

ҚҰРЫЛТАЙ – қоғамдық келісімнің конституциялық кепілі

Бүгін 17:16

«Елдің болашағы – әрқайсымызға байланысты»: Октябрь Алтаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Бүгін 17:05

«Құрылтай» бағытқа шықты: Алматы автобустары тамыз айының басты оқиғасы туралы айта бастады

Бүгін 17:01

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлер сатумен айналысқан ұйымдастырушы ұсталды

Бүгін 16:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);