конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтар министрдің атынан елге хабарласып, басшыл...

Алаяқтар министрдің атынан елге хабарласып, басшылық қызметке тағайындауға ақша сұраған

Әлеумет 09.08.2022, 14:00 1,373 Almaty-akshamy
Алаяқтар министрдің атынан елге хабарласып, басшылық қызметке тағайындауға ақша сұраған
Сурет: Ашық дереккөзі

Жалған ақпарат таралған


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көпшілікті алаяқтарға алданбауға шақырды. Айтуынша, белгісіз біреулер министрдің атын жамылып, жалған ақпарат таратып жүр, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz.



«Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме «менің атымнан» бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған», - деп жазады Қайырбек Өскенбаев Telegram арнасында.



Министр бос арандатуға бой алдырмай, сақ болуға үндеді.



«Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, маған жеке хабарлама жолдауларыңызға болады немесе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысына хабарласа аласыз», - дейді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған ақпарат #министр #Өскенбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);