AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтар мемлекет басшысының атынан инвестициялық...

Алаяқтар мемлекет басшысының атынан инвестициялық бағдарлама жарнамасын таратуда

Әлеумет 11.04.2025, 16:04 918 dulatbekova
Алаяқтар мемлекет басшысының атынан инвестициялық бағдарлама жарнамасын таратуда
Cурет: Stopfake.kz

Facebook-те ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арналған жаңа қаржы бағдарламасының іске қосылғаны туралы мәлімдеген видеосы таралуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жоба ірі Qazaq Oil компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр екен. Қалай ақша табуға болатындығын білу үшін пайдаланушы сауалнамадан өтуі керек. Stopfake.kz-тің мәлімдеуінше, бұл ақпарат – фейк.

Роликте жалған дауыс қолданылған. Қазақстан президентінің бұл сөзі оның 2022 жылғы референдум қарсаңында азаматтарға жасаған үндеуінен алынған. Түпнұсқа баяндамада Qazaq Oil компаниясымен бірлескен жоба туралы айтылмаған. Президент сөзінің жазбасы баршаға қолжетімді, алаяқтар оны жалған ақпарат жасау үшін контекстен үзіп алған.

Мемлекет басшысының ресми сайтында азаматтарға арналған қандай да бір жаңа қаржылық бағдарламаның іске қосылғаны туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ Qazaq Oil компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде (Instagram-да және Facebook-те) мемлекетпен бірлесіп іске қосылған инвестициялық бағдарлама туралы ақпарат жоқ. Жанармай құю станцияларының ұлттық желісі мұндай мәлімдеме жасамаған.

Алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістерін қолданады – әрекетке итермелейді. Олардың айтуынша, бағдарлама тек ай соңына дейін ғана іске асырылады. Шын мәнінде, бұл видео адамдарды алдау мақсатында жасалған. Сақ болыңыз және күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз.

ҚР президентінің атынан іске қосылған инвестициялық бағдарламалар туралы осындай фейк хабарламалар 2023 және 2024 жылдары Желіде көп таралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаяқтар #Мемлекет басшысының атынан #жарнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);