конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректо...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Әділетті Қазақстан: Заң үстемдігі және ғылыми парасат

Жаңа Конституция Бүгін 14:35 56 yakiya
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Әділетті Қазақстан: Заң үстемдігі және ғылыми парасат

Биылғы 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдумның тарихи нәтижесіне сәйкес, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция толық күшіне енді. Бұл бетбұрысты сәт әділетті Қазақстанның саяси-құқықтық келбетін түпкілікті айқындап берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған үндеуінде бұл реформаның стратегиялық мәнін аша түсіп: «Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен тәртіп, еңбексүйгіштік пен өрлеу, тазалық пен табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз», – деп атап көрсетті.

Конституция күнінің ұлттық болмысымыздың символы – «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтуі де мемлекеттің құқықтық жаңаруын қоғамның рухани жаңғыруымен ұштастырған терең пәлсапалық шешім екені даусыз. Президенттің бұл пайымы конституциялық реформалардың негізгі идеологиялық архитектоникасын құрайды.

Осы құндылықтар салтанат құрған тарихи сәтте Мемлекет басшысы Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысына қатысып, ел дамуының жаңа дәуірін айқындаған маңызды қорытынды сөз сөйледі. Президент ширек ғасырдан астам уақыт бойы қызмет етіп, 3500-ден астам заң қабылдаған қос палаталы жүйенің миссиясын жоғары бағалай отырып, Ата заң аясында орныққан билік жүйесінің негізгі өзегін нақтылап берді. Президенттің пәрменімен елімізде «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» деген базалық формула толыққанды институционалдық сипатқа ие болды. Жаңа Конституция бойынша Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Тәуелсіздік пен мемлекет тұтастығының символы ретінде Президент ішкі-сыртқы саясаттың негізгі бағдарлаушысы бола отырып, заң шығарушы және қоғамдық институттармен теңгерімді байланыс орнатады.

Мемлекет басшысының жаңадан құрылатын заң шығарушы орган – Құрылтай мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты пайымдарын ғылыми қауымдастық та ерекше қолдайды.

Жаһандық технологиялық прогресс пен жасанды интеллект дәуірінде ұлттық заңнаманы тез өзгеріп жатқан цифрлық матрица жағдайына шұғыл бейімдеу міндеті тұр. Президент атап өткендей, Қазақстан электронды үкіметтің (e-Government) дамуы бойынша әлемдегі үздік 25 елдің қатарына енсе, ендігі кезекте толыққанды «Электронды Парламент» (e-Parliament) жүйесін қалыптастыруымыз қажет. Бұл заң шығару ісінде Үлкен дерекқорды (Big Data) басқару арқылы шешімдер қабылдауға жол ашады. Ал бұрынғы Ассамблеяның міндетін тереңдетіп, конституциялық деңгейге көтерілген Халық Кеңесі – елдің үніне құлақ асатын, заң шығару бастамасын көтере алатын бірегей диалог алаңына айналады.

Президент өз сөзінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен әлеуетіне де салмақты талдау жасады. Сыртқы жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім ел тарихында тұңғыш рет 300 миллиард доллардан асты. Жан басына шаққандағы үлестің 15 мың доллардан асып, ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке жетуі, инфляцияның 10,4 пайызға дейін төмендеуі – жаңа қабылданған Бюджет және Салық кодекстерінің жемісі.

Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру мен жаңа инвестициялық кезеңнің нақты нәтижелері де ауыз толтырып айтарлықтай. Тек соңғы үш жылда (2023-2025 жж.) құны 3,7 триллион теңгені құрайтын 540 индустриялық жоба жүзеге асып, алдағы екі жылда тағы 3 триллион теңге инвестиция есебінен 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылмақ. Ең бастысы, шағын және орта бизнес саласы ЖІӨ-нің 40 пайыздан астамын қамтып, рекордтық көрсеткішке жетті. 4,5 миллион азаматымыздың табысы осы сектормен байланысты болуы – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының басты кепілі.

Мемлекет басшысы отандық ғылым мен заманауи технологиялар ұштасқан салаларға, соның ішінде фармацевтика индустриясына жоғары баға берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағалауы бойынша Қазақстанның фармацевтика саласында ТМД көлемінде көш бастап тұруы және нарық көлемінің 1 триллион теңгеден асуы отандық медицина ғылымы мен жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Бұл ретте мамыр айында қабылданған «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңы елімізді Еуразияның технологиялық іскерлік хабына айналдыру жолында ғылыми-инновациялық кластерлер мен жаңа өндіріс үлгілерін қалыптастыруға тың серпін береді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ел дамуының негізгі тірегі ретінде энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды толыққанды дамытудың маңызын қадап айтты. Энергетикалық балансты теңгеру мақсатында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоғары экологиялық стандартқа сай үш жаңа ЖЭО салынады және елді газбен қамту деңгейі 80 пайызға жеткізіледі. Сонымен қатар 2024 жылғы тарихи референдумда халық қолдаған өркениетті таңдау – атом генерациясын дамыту шешіміне сәйкес, келесі жылы (2027 жылы) алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады. Бұл мемлекеттің энергетикалық дербестігі мен қуатты көп тұтынатын болашақ цифрлық экономикамыздың ең сенімді іргетасы болмақ.

Алайда, Президент ескерткендей, «жау жоқ деме, жар астында» деген тәмсілді ұмытпай, Тәуелсіздік пен Егемендікті қорғау, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында академиялық орта, ғылыми институттар мен мемлекеттік қызметшілер жұмыла еңбек етуі тиіс.

Мемлекетіміз үшін осынау жауапты әрі сындарлы кезеңде заңнамалық реформалардың негізін ғылыми тұрғыдан жетілдіруге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгер-ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы да өзіндік зор үлес қосты. Арнайы құрылған жұмыс тобының құрамында аянбай еңбек етіп, мемлекеттік маңызы бар міндетті жоғары деңгейде атқарған ҚазҰУ заңгерлерінің қажырлы еңбегі Қазақстан Республикасы  Президенті тарапынан жоғары бағаланды.

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жасаған ресми сапары барысында университет заңгерлерінің бұл еңбегін арнайы атап өтіп, ғалымдарымызға әртүрлі деңгейдегі жоғары мемлекеттік марапаттар табыстады. Президенттің қара шаңыраққа келуі және біздің ғалымдарымыздың конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудегі рөліне жеке тоқталуы – ұлттық ғылым мектебіне көрсетілген үлкен сенім мен шынайы құрметтің белгісі. Бұл  бүкіл университет ұжымы үшін үлкен мәртебе әрі зор мақтаныш.

Осы іргелі жұмыстардың көрнекті нәтижесі ретінде ҚазҰУ заңгер-ғалымдары жаңа Конституцияның нормаларын терең зерделеп, оның мән-мағынасын жұртшылыққа кеңінен түсіндіруге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі арнайы кітапты жарыққа шығарды. Бұл қос тілдегі еңбек қоғамның құқықтық мәдениетін көтерудің құнды құралына айналмақ. Қазіргі таңда университеттің ғылыми мектебі Конституция нормаларының мазмұны мен қолданылу тәртібін ғылыми-құқықтық тұрғыдан негіздейтін іргелі ғылыми түсіндірмені дайындау бойынша жүйелі қызметін жалғастыруда. Біздің профессор-оқытушылар құрамы биылғы ақпан-маусым айлары аралығында өткен ауқымды түсіндіру іс-шараларына белсенді қатысып, жаңа заңнамалық нормаларды халыққа терең әрі ұғынықты тілде жеткізе білді.

1 шілдеден бастап ел өмірінде жаңа өтпелі ережелерге сәйкес, жаңа саяси қадамдар басталды. Алдағы тамыз айында Құрылтай сайлауы жарияланып, күзде жаңадан сайланған бір палаталы орган өз жұмысына кіріспек.

Конституцияның жаңа басылымы – еліміздің құқықтық мемлекет құру жолындағы берік тұғыры. Біздің мақсатымыз – заңдарды қабылдауға немесе оларды түсіндіруге ғылыми қолдау көрсетіп қана қоймай, сол заңдардың үстемдігін қорғайтын, жаңа құқықтық сана қалыптасқан отаншыл, білікті жаңа буын мамандарын тәрбиелеу. Бұл ортақ міндет қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне тікелей қызмет етеді. Мемлекет басшысының ғылыми қауымдастыққа және тікелей біздің университетке көрсеткен жоғары сенімі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына зор жауапкершілік жүктейді және алдағы уақытта да отандық ғылым мен білім беру саласында сапалы әрі жүйелі жұмыс атқаруға жұмылдыра түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су қорғау аймағындағы 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін 15:31

Жаңа конституция азаматтардың құқығын қорғайды

Бүгін 15:27

Жас белсенділер жаңа конституцияның күшіне енуін қолдады

Бүгін 15:22

Еріктілерді алғаш рет конституциялық деңгейде таныды

Бүгін 15:21

Жас IT мамандары жаңа конституциядағы цифрлық құқықтың маңызын атап өтті

Бүгін 15:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);