Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Актер Нұржұман Ықтымбаев пен паралимпиадашы Давид...

Актер Нұржұман Ықтымбаев пен паралимпиадашы Давид Дегтярев «Халықтың сүйіктісі» атанды

Әлеумет 20.02.2022, 09:22 1,347
Актер Нұржұман Ықтымбаев пен паралимпиадашы Давид Дегтярев «Халықтың сүйіктісі» атанды
Cурет: Turkystan.kz

Кәсіпкерлік саласының өкілдері де сыйлықтан құр қалмады


Елордадағы Rixos President Astana қонақүйінде дәстүрлі «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.


2011 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байқауда бұл жолы атақты актер, ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан аға буын өкілдеріне берілетін «Алтын дәуір» аталымының жеңімпазы атанды. Кеңес Одағының барлық дерлік киностудияларында ойнап, миллиондаған телекөрерменнің сүйікті актері Нұржұман Байжұманұлы былтыр 80 жасқа толды. Шара ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы актердің мерейтойына орай беделді сыйлықты табыстау туралы шешім қабылдаған.


Айта кетсек, бұған дейін «Алтын дәуір» аталымы Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақстандықтар – Юрий Померанцев, Лаки Кесоглу, Мырзатай Жолдасбеков, Ирак Елекеев, Шөмішбай Сариев және басқа да көптеген азаматтарға табысталған болатын.


Кәсіпкерлік саласының өкілдері де сыйлықтан құр қалмады. Ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан бизнесмендердің ішінен танымал кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Имсталькон-Теміртау» ЖШС басшысы Иван Георгадиға «Жыл бизнесмені» аталымы бұйырды. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Семейный» супермаркеттер желісі және оның басшысы Андрей Исааковтың солтүстік өңірдің экономикасына қосқан үлесі ескерілді. Көптеген әлеуметтік жобаларға бастамашы болған кәсіпкердің  супермаркеттер желісі «Жылдың үздік әлеуметтік бизнесі» аталымында топ жарды.


Azattyq Rýhy агенттігі екінші жыл қатарынан «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының жеңімпазы атанды.


1994 жылы Тәжік-Ауған шекарасында бандалық құрылымдармен болған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан қазақстандық Раджан Батырқанов «Ержүрек жүрек» аталымына лайық деп танылды. Түркіменстан мен Тәжікстан президенттері Раджан Батырқановты өз елдерінің жоғары наградаларымен марапаттаған болатын. «Халықтың сүйіктісі» марапаты батырдың анасы Қизат Батырқановаға табысталды.


Сонымен қатар, отандық спорт жұлдызы, былтырғы паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев «Жылдың үздік спортшысы» аталымында алдына жан салмады. Ал «Жылдың үздік дәрігері» аталымында танымал қазақстандық хирург Юрий Пя жеңіске жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықтың сүйіктісі #актер #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика