Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / АКҚЗ: еңбек ұжымымен кездесу: жаңа Конституцияның...

АКҚЗ: еңбек ұжымымен кездесу: жаңа Конституцияның мәні түсіндірілді

Барлығы 17.02.2026, 10:21 159
АКҚЗ: еңбек ұжымымен кездесу: жаңа Конституцияның мәні түсіндірілді
Сурет: Самат Құсайынов

«АКҚЗ» ЖШС өндірістік алаңында еңбек ұжымымен кездесу өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Шара барысында кәсіпорынның ішкі жұмысы таныстырылып, жұмысшылармен тікелей пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссияның мүшесі Сергей Пономарев қатысты.

Ол алдағы референдум аясында ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңыздылығына тоқталып жұмысшылармен тілдесті.
Сергей Пономарев өз сөзінде Конституция – елдің болашағын айқындайтын басты құжат екенін атап өтті:

-«Құрметті отандастар!Бүгін біз ортақ үйіміз – Қазақстанның тағдырын айқындап отырмыз. Күн сайын халықтың нақты сұранысын естіп, қоғамның тынысын жақсы білетін депутат әрі журналист ретінде нық сеніммен айтамын: жаңа Конституция – қоғам күткен үмітке берілген адал жауап. Бұл – үмітті нақты кепілдікке айналдыратын құжат. Мен бұл жобаны қолдаймын, осы орайда үш негізгі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, бұл – біртұтас халықтың Конституциясы. Конституцияның преамбуласы мен баптарында Қазақстан халқының бірлігі, тарихи қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту айқын көрсетілген. Мұнда «өзіміз» және «өзге» деген ұғым жоқ. Әрбір азаматтың ар-намысы мен құқығы тілі мен этностық тегіне қарамастан заңмен тең қорғалады. Екіншіден, бұл – тікелей диалог Конституциясы. Біз жиі «билік халықты естуі тиіс» дегенді айтамыз. Жаңа Конституция осы бағытта үлкен қадам жасап, бірегей институт – Қазақстан Халық Кеңесін құруды көздейді. Үшіншіден, бұл – экологиялық жауапкершілік Конституциясы. Елін сүйемін деген адам туған жерінің ластануына бейжай қарай алмайды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы экология әр азаматты толғандыратын мәселе екенін көрсетті. Бұл Конституция – прогрессивті әрі әділ. Ол ашық пікірталастар мен тікелей эфирлер арқылы, ешқандай сүзгі мен цензурасыз талқылаудан өтті. Бұл құжат бізді Халық Кеңесі арқылы біріктіреді, тең құқық арқылы қорғайды және болашағымызды сақтайды. Бұл – біз үшін және балаларымыз үшін жасалған Конституция. Баршаңызды азаматтық даналық танытуға шақырамын.Бірге күшті, таза әрі әділетті Қазақстан құрайық!»

Мустафаев Аладин, саясаттанушы:

-«Бүгін біз елдегі ең ірі өндірістік орталықтардың бірі – АКҚЗ кәсіпорнында болып, алдағы референдум аясында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кездесу барысында азаматтарға Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің мәні мен маңызын жеткізуге басымдық берілді.Атап айту керек, ұсынылып отырған өзгерістер жай ғана жекелеген түзетулер емес. Конституцияның 74 пайыздан астамы жаңарып, елдің негізгі заңы түбегейлі жаңаша сипатқа ие болмақ. Бұл – қоғамның барлық саласын қамтитын ауқымды өзгеріс. Осы тұрғыда әрбір Қазақстан азаматының дауыс беруге қатысуы аса маңызды. Менің ойымша, ешкім өз мемлекетіне, өз елінің болашағына, балаларының ертеңіне бейжай қарамауы тиіс. Әр азамат сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, болашақ ұрпақтың тағдыры үшін дауыс беруі қажет» - деді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АКҚЗ #еңбек ұжымы #кездесу #реформа мәні #түсіндіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Бүгін 16:10

Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді

Бүгін 15:55

Тоқаев: «Әскери қақтығыстар мен сауда соғысы жылдан жылға ушығып барады»

Бүгін 15:37

Алматыда колледж студенттері арасында «XXI бухгалтер: Мамандығым – мақтанышым» қалалық байқауы өтеді

Бүгін 15:16

Тоқаев: Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика