AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әкімшілік айыппұлдар және құрылыс лицензияларынан...

Әкімшілік айыппұлдар және құрылыс лицензияларынан айыру: Алматыда бірқатар мердігер жауапкершілікке тартылды

Барлығы 30.10.2025, 10:30 483 Сұлу
Әкімшілік айыппұлдар және құрылыс лицензияларынан айыру: Алматыда бірқатар мердігер жауапкершілікке тартылды
Алматы әкімдігі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс нормаларын өрескел бұзған мердігер ұйымдарға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Кеше "AsiaMaх" ЖШС-і Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту жұмысы бойынша, сондай-ақ "СК 7 строй" ЖШС-і көркейту және білім беру нысандарындағы құрылыс жұмысы үшін құрылыс лицензиясынан айырылды.

Басқарма тағы бірқатар ұйымға қатысты шаралар қабылданғанын хабарлады. Мемлекеттік "№174 мектеп-гимназиясы" ғимаратына салынған қосымша нысанның құрылысы бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында жобалық шешімдерден ауытқу және мемлекеттік құрылыс нормаларының сақталмауы анықталды. Осыған байланысты "Құрылысшы-ТБС" ЖШС құрылыс қызметінің бірқатар кіші санаты бойынша лицензиясынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін техникалық қадағалауды тиісінше орындамаған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС аккредитациясынан айырылған болатын. Ұйым қызметкерлерінің бақылауды дұрыс жүргізбеуі Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында асфальт жабындысының опырылуына себеп болған. Сондай-ақ, Аманжол көшесіндегі жол жабындысының шөгуіне жол берген "Аркада KZ" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған нысандарда жұмыс жүргізген екі мердігер ұйым да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Қала құрылысын бақылау басқармасында атап өткендей, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес құрылыс нысандарына бақылау күшейтілді, және анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар заңнамаға сай қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мердігер #Айыппұл #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);