AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Әкімдікке үміткер ерлер әйелдерден 4 есе көп

Әкімдікке үміткер ерлер әйелдерден 4 есе көп

Билік 25.07.2021, 10:50 1,813
Әкімдікке үміткер ерлер әйелдерден 4 есе көп
Сурет: Almaty.tv

Мұндай сайлау бұрын-соңды еліміздің тарихында болмаған.


Бүгін, 25 шілдеде, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сайлау 14 облыстағы 1847 сайлау учаскесінде өтуде. Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, 730 сайлау округінде 2 582 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде 2 297 үміткер тіркеудің соңғы сәтінде тіркелген.
Үміткерлер құрамында: 1419 – өзін-өзі ұсыну жолымен, 878 – ҚР ӘМ тіркелген 6 саяси партиядан қатысады. Гендерлік құрам бойынша: ерлер – 1839, әйелдер – 458.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты ел халқына Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берген болатын.


Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жаппай практикасын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар пакетін дәйекті іске асыруға бағытталған.
Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды реформалау бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған.


Біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ашық Мемлекеттік басқару қағидаты және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру негізінде енгізу.


Екіншіден, азаматтардың ауылдық аумақтарды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын кеңейту.


Үшіншіден, атқарушылық және заңнамалық өкілеттіліктерді төменгі деңгейге кезең-кезеңімен беру.


Төртіншіден, ауыл әкімдерін тікелей сайлау кезінде партиялардың өкілеттіліктерін кеңейту арқылы саяси бәсекелестікті дамыту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #ауыл #әкім #Қазақстан #тұңғыш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Бүгін 15:15

Президент білім саласы қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапттады

Бүгін 15:15

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі

Бүгін 14:21

Рұқсатсыз салынған граффити – өнер емес, құқық бұзушылық

Бүгін 14:06

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);