конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелі...

Әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркеліп, 144 адамның жымысқы әрекеті әшкереленді

Әлеумет 16.07.2024, 10:53 969 Nursok82
Әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркеліп, 144 адамның жымысқы әрекеті әшкереленді
Сурет: Polisia.kz

Алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали өңірлерде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы жұмыстың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Аумақтық басшылар қалалар мен аудандардың өмірінде, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқарады, сондай-ақ бюджет қаражатын бөлуді анықтайды. Олар жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және олардың тарапынан кез-келген пайда күнемдік көріністері елдегі жемқорлықтың жай-күйі туралы халықтың бағалауын қалыптастырады. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті атқарушы органдар арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударады. Ағымдағы жылы әкімдік қызметкерлеріне қатысты 203 қылмыс тіркелді, олар бойынша 144 адам әшкереленді.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады. Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, бюджет қаражатын жымқырып және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін күдіктелуде. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 125 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді. Күдікті сотқа тартылды. 

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол ұлының оқуына ақы төлеу қажеттілігі және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікті. Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді. 

 Айта кету керек, антикор жемқорлық әрекеттеріне тап болған азаматтарға үндеу жасады. Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жемқорлық #әкімдік қызметкерлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);