ffin.kz

Әкім болу үшін өзін-өзі ұсынушыға қандай талап қойылады?

Әкім болу үшін өзін-өзі ұсынушыға қандай талап қойылады? Сурет: Inbusiness.kz

Бұл сұраққа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев жауап берді.



Оның айтуынша, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасаған Almaty-akshamy.kz 



«Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады және ол үшін кандидат осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 36-бабында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 3 күннен кешіктірілмей тиісінше аудандық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен рәсімделеді. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық сайлау комиссиясына тапсырылады. Ол 3 күн мерзімде ішкі істер қызметкерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың растығын тексереді және тиісті хаттаманы рәсімдейді. Қолдардың растығын тексеру Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажетті анық қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі», – деді Ерлан  Дауылбаев.



Оның айтуынша, кандидат тіркелу үшін саяси партиялар ұсынған кезде азаматтың кандидат болуға келісімі, өмірбаяндық деректері, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы, Қазақстанның мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжат, кандидаттың саяси партияға мүшелігін растайтын құжат ұсынуы қажет.




«Ал өзін-өзі ұсынған адам кандидат болып дауысқа түсу туралы өтінішін, өмірбаяндық деректерін, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, Қазақстанның мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, сайлау жарнасын енгізгені туралы құжатты ұсынуы тиіс. Сонымен қатар сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болғандығын растайтын аумақтық сайлау комиссиясының анықтамасын да ұсынуы керек. Ал аудан әкімі кандидатты ұсынған кезде жоғарыда аталған құжаттармен қатар, арнаулы ұсынысы қоса берілуі тиіс. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады», –деді Ерлан Дауылбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58