AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әкелердің декреттегі уақыты еңбек өтіліне есептеле...

Әкелердің декреттегі уақыты еңбек өтіліне есептеледі

Әлеумет 04.02.2026, 11:15 268 yakiya
Әкелердің декреттегі уақыты еңбек өтіліне есептеледі
Сурет: крцсссдм.рф

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Заң жобасы 2025 жылғы 19 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған.

Заң жобасы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасында жұмыскерлерге диеталық және емдік-профилактикалық тамақтануға арналған өнімдерді беру тәртібін бекіту бөлігінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін кеңейту; ұжымдық шарттарда тиісті кәсіп немесе ұйымдағы лауазым бойынша жалақының ең жоғары және ең төменгі мөлшері арасындағы жол берілетін арақатынасты белгілеу; келісу комиссиясының жұмысына делдал тарту мүмкіндігін енгізу; еңбек қызметінің кемінде бір белгісі болған жағдайда жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасуға тыйым салу нормалары көзделген.

Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау қағидаларын бекітуге қатысты уәкілеттіктер енгізіледі.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан бірқатар түзетулер қабылданды, атап айтқанда ұжымдық шарттарға еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар жағдайында жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу тәртібін көздейтін нормалар енгізілді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның ұйымның бірінші басшысына тікелей бағыныстылығы белгіленіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жауапкершілігі ұйым басшысына жүктелетіні нақты айқындалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен заң жобасы шеңберінде: «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына маслихаттардың құзыретін кеңейту, оның ішінде уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту мәселелерін қосу; ереуілдер кезінде тоқтатылуға жатпайтын өндіріс түрлерін нақтылау көзделеді.

ӘКЕНІҢ ДЕКРЕТТЕГІ УАҚЫТЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды күту уақыты еңбек өтіліне есептелуіне қатысты нақтылаулар енгізілді.

Одан бөлек, депутаттар заң техникасының талаптарына сәйкестендіру және заң жобасының мазмұнын сапалы жетілдіру мақсатында редакциялық сипаттағы түзетулер енгізді.
Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды күту уақыты еңбек өтіліне есептелетін болады. Заңға сәйкес, Қазақстанда бір ұйым шеңберінде бір кәсіп бойынша жұмыскершылардың ең жоғары және ең төменгі жалақы мөлшерлері арасындағы жол берілетін арақатынас белгіленеді. Сондай-ақ еңбек қатынастарының кемінде бір белгісі болған жағдайда жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасуға тыйым салынады.

Заң Мәжілісте қабылданып, Сенаттың қарауына жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);