AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әжелер шықты сайысқа..

Әжелер шықты сайысқа..

Әлеумет 23.10.2024, 17:19 1,369 Рая ЕСКЕНДІР
Әжелер шықты сайысқа..
almaty-akshamy.kz

Қазір елімізде қарияларға құрмет көрсету айлығы кеңінен өтіп жатыр.  Осынау парасаты мол мереке аясында Жетісу ауданындағы «Кемел» ықшамауданының  «Мәдениет үйінде» қариялардың қатысуымен  үлкен мереке өтті. Оны  аудандағы  «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастырды.  «Ал, кәнекей, әжелер» деп аталатын  сайысты аудан тұрғындары мен жастар да қызыға тамашалады.

 Сонымен аталмыш сайысқа  «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тұрақты қатысушылары, яғги оның қызметін алушы  қариялар қатысты.   Әжелер «Беу-айдай!»,  «Алые сердца», «Зорьки», «Золотые ручки»,  «Скандинавочки»  деп аталатын  бес топ болып, өнерлерін  ортаға салды.

Байқаудың бірінші кезеңінде әжелер  өздерін жай ғана  таныстырмай, бірнеше тіл меңгергенімен де жұртты таң қылды.   Екінші кезеңде әжелер  ән салып, монолог оқыды, араларынан мың бұралған бишілер  шығып, тіпті қыздырып жіберді.    Байқаудың үшінші кезеңінде әжелер  білек сыбана кірісіп,  тамақтың сан  түрін жасады. Ең соңғы шешуші сайыста,   әжелер ұлттық нақыштағы   киіммен шығып,  таңдай қақтырды. Жалпы,  бұл жолғы сайысқа қатысушылардың осалы болмады. Содан да болар кіл мықтыларды анықтау  қазылар алқасына да оңайға соқпады. 

 Сонымен, «Ал, кәнекей, әжелер!» сайысының Бас жүлдесін

«Беу-айдай» әжелер тобы иеленсе,  бірінші орынды -  «Золотые ручки», 

екінші  орынды - «Алые сердца»,  үшінші орынды - «Зорьки»  әжелер тобы лайық деп танылды.   Сонымен қатар, «Ұйымшыл  және белсенді» номинациясы «Скандинавочки» әжелер тобына бұйырды.  Аудан қариялары осынау қарттар айлығы барысында  қолдау көрсеткені үшін  «Кемел» ықшамауданының  «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Гүлжазира  Каныбековаға,  «Талант-К»  медициналық колледж директоры Талант Бақытбекұлына, «Сәби тілегі»  қайырымдылық қорының төрайымы  Назым Смағұловаға,  «Рухты халық»  қайырымдылық қорының төрайымы  Ләззат Тұтқабекова  зор ризашылықтарын білдірді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әжелер #жарыс #қарттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);