Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІС...

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алматы құшағында Бүгін 14:05 38
ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Сурет: «Abai University» медиа орталығы

Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды.

Университет қабырғасында 7M04120 «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы (EMBA)» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ. Аталған бастама «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асырылып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Білім беру бағдарламасы мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдар саласында қызмет етіп жүрген мамандарға арналған. Оны сәтті аяқтағандарға мемлекеттік басқару және қоғамдық саясат саласындағы магистрлік дәреже беріледі. EMBA (Executive Master of Business Administration) форматындағы бұл оқу курсы заманауи мемлекеттік менеджменттің барлық талаптарын ескере отырып әзірленген.

«Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасының мазмұны стратегиялық менеджмент, қоғамдық саясатты жобалау, гендерлік саясат, инклюзивті даму және цифрлық мемлекеттік басқару сияқты өзекті бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, тыңдаушылар келіссөздер жүргізу мен медиация дағдыларын меңгеріп, нақты кейстер негізінде басқарушылық шешім қабылдауды үйренеді. Бұл білім беру моделі теориядан гөрі практикалық нәтижеге басымдық беріп, стратегиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауқымды білім беру жобасы «AMANAT» партиясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылуы оның саяси және стратегиялық маңызын айқындай түседі. Партияның бұл бастамаға серіктес болуы – еліміздегі әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге араласу белсенділігін арттыру мен гендерлік саясатты ілгерілетуге бағытталған нақты қадамы.

Қазіргі таңда әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, іске қосылып жатыр. Жаңа бағдарлама білім мен көшбасшылықты ұштастырып, ел дамуына үлес қосатын жаңа буын қалыптастыруды көздейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай университеті #әйелдер #магистратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледж студенттері арасында «XXI бухгалтер: Мамандығым – мақтанышым» қалалық байқауы өтеді

Бүгін 15:16

Тоқаев: Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс

Бүгін 15:09

Алматыда алимент төлемеген борышкерлердің көліктері айыптұраққа қойылып жатыр

Бүгін 14:57

"Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет", - Президент

Бүгін 14:53

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика