AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйелдердің зейнет жасы төмендей ме?

Әйелдердің зейнет жасы төмендей ме?

Әлеумет 05.07.2022, 07:30 954
Әйелдердің зейнет жасы төмендей ме?
Inform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген вице-премьер Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын нешеге дейін төмендетуді ұсынып жүргенін айтты.


«Әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін түсіруді ұсынушылар, оның ішінде 55-ті айтып жатқандар да бар. Менің жеке пікірім, дүниежүзілік тәжірибені алатын болсақ, мұның бәрі зейнет жасын өсіруге бағытталған. Сондықтан халықаралық нақты тәжірибелердің бәрін ескереміз. Бұл – бір. Екіншіден, нақты азаматтардың болашақта қаржысын, зейнетақысын қамтамасыз ету үшін оған, сөз жоқ, алдымен еңбек өтілі керек. Яғни, ертең алатын зейнетақыңыздың мөлшері сол еңбек өтіліне байланысты болады. Соның бәрін және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын мәселелерді ескеруіміз қажет. Осы бағытта азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз», - деді Ералы Тоғжанов.

Вице-премьер бұл мәселені талқылау үшін түрлі топтармен кездесулер ұйымдастырылып жатқанын айтады.



«Ешкім зейнет жасын төмендетуге барғалы отырған жоқ. Біз талқылап жатырмыз. Соның аясында түрлі топтармен кездесіп жатырмыз. Соның ішінде осындай бастама көтеріп жүрген топтармен де кездесіп жатырмыз. Оны сіздер жақсы білесіздер», - деген вице-премьер нақты шешім Әлеуметтік кодекс аясында биыл күзде шығатынын еске салды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әйелдер #зейнетжасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика