AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйел тергеушілер көбеймек

Әйел тергеушілер көбеймек

Әлеумет 04.12.2023, 10:16 1,011 Almaty-akshamy.kz. 
Әйел тергеушілер көбеймек
Сурет: ашық дереккөз

Бүгінде елімізде жедел-тергеу топтарының құрамында 280 әйел-тергеуші бар. Аталған тәжірибе бүкіл ел аумағына енгізіледі.


Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  





«Президент тапсырмасы бойынша соңғы 2 жылда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың штат саны екі есе өсті. Кейде әйелді тек әйел ғана түсіне алады. Сондықтан біз әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты тергейтін әйел тергеушілерді көбейтуіміз керек», - деді Ерлан Қошанов елордада өтіп жатқан «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» конференциясында.




Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша жедел-тергеу тобының құрамында 280 әйел-тергеуші бар.




«Қазақстанда алғаш рет пилоттық режимде әйелдер полиция бөлімшесі құрылды, онда тек әйелдер жұмыс істейді. Енді зардап шеккен әйелдер учаскеге келіп өз қиындықтарын еркін айтып, көмек сұрай алады. Жақын арада бұл тәжірибе бүкіл ел аумағына енгізіледі. Біз проблеманың салдарымен ғана күреспей, сонымен бірге зорлық-зомбылықтың туындауының алдын алуымыз керек», - дейді ол.




Елордада «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» конференциясы өтіп жатыр.


Аталған шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысуда. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тергеу #әйел #зорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 17:12

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Бүгін 16:56

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика