ffin.kz

Әйел-ана міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы қорғалады

Әйел-ана міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы қорғалады almaty-akshamy.kz

Жұмыс істейтін әйелдерді қолдау мақсатында 2008 жылдан бері елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі сәтті жұмыс істеп келеді.


Жүктілігі және босануы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген демалыс берілген күннен бастап туындайды. Төлем мөлшері соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.


Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) тағайындауға құқық қашан туындайды? Ол жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс басталған күннен бастап туындайды. Ал жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем қандай кезеңге тағайындалады? ӘТжб ҚР Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес жүктілігі және босануы немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады және бір рет төленеді.


ӘТжб тағайындауға, сондай-ақ ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда ӘТжб қайта есептеуге өтініш беру мерзімдері МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап (жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берген күннен бастап) 12 айдан аспауға тиіс.



Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем) тағайындау үшін өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне беріледі. Немесе  көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушының келісімін алған жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі.



МӘСҚ ӘТжб тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы.


Ауыр босанған және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу қалай жүргізіледі? Бұл жағдайда ӘТжб қайта есептеу қосымша берілген жүктілігі және босануы  бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздік парағы негізінде еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны ескеріле отырып, ӘТжб тағайындалған сомасын ӘТжб қайта есептелген сомасынан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.




Жұлдыз ӘЛІБЕКҚЫЗЫ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»


АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының маманы:


– Бізге «Егер әйелдің орташа айлық табысы ең төменгі жалақының 7 есептелген мөлшерінен асса, ол жұмыс берушіден айырмашылықты ала ала ма?» (2023 жылы: 7*70 000 теңге = 490 000 теңге) деген сауал жиі қойылады. Жұмыс беруші, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, орташа жалақысын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегере отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.


ӘТжб тағайындау үшін өтініш берер алдында МӘСҚ әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін тексеру ұсынылады. Егер сіз үшін әлеуметтік аударымдар 12 айға емес, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген айдың алдындағы 8 айға түссе, онда МЗЖ шегерілген 8 айдағы табыс қосылады және 12 айға бөлінеді де еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтіледі. Тағайындалған ӘТжб сомасынан МЗЖ ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы сіздің зейнетақы шотыңызға аударылатынын ескертеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22