AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Aidyn Nury қорын Перизаттың қоры сияқты тексерілу...

"Aidyn Nury қорын Перизаттың қоры сияқты тексерілуін талап етемін!" - заңгер

Мұны білген жөн 23.07.2025, 16:35 1,235
"Aidyn Nury қорын Перизаттың қоры сияқты тексерілуін талап етемін!" - заңгер
Aqshamnews.kz коллажы

Заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қорын тексеруді талап етті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Айдың нұры" қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін! Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл - үлкен күдік тудырады", - дейді ол. 

Заңгердің айтуынша, елде саны көп, сапасы жоқ, бақылаусыз қор жетерлік.

"Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған.  Яғни параны айналып өтіп, қор арқылы алады. Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді! Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануға тиіс!" - деді ол.

Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 2020 жылы Aidyn Nury қайырымдылық қорын ашқан еді. Кейін ол Қаңтар оқиғасынан кейін таратылған.

"Бисмиллә деп "Aidyn Nury қайырымдылық қоры" ашылды…Енді осы қор бойынша көп түкірсе көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ жақсы ғой… Қайырымдылық-адам жанының нұры…" - деп жазған еді Айнұр Тұрсынбаева 5 жыл бұрын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айгүл орынбек #заңгер #Айнұр Тұрсынбаева #қор #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);