AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ба...

Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының басты мақсатын атады

Әлеумет 10.02.2022, 07:23 1,433
Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының басты мақсатын атады
nur.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының басты мақсатын атады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының құрылуы себебі, оның шарты туралы айтуға рұқсат етіңіздер. Өздеріңіз білесіздер, кеше Мәжілістің жалпы отырысында әріптесіміз Еділ Жаңбыршин мәлімдемемізді жариялаған болатын. Қазір ол кісі Үкіметте Жаңаөзен мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Біздің басты мақсатымыз - қаңтар трагедиясынан кейінгі еліміздегі шынайы реформаларды қолдау. Біріншіден, Президент бастаған елді жаңғыртатын бастамаларды қолдап, оларды сабатажға, тоқтауға, соңына ысыруға жол бермеу. Екіншіден, кез келген үлкен саяси реформалар заң шығарушы және өкілетті органнан басталуы керек. Біздің түпкілікті мақсатымыз - Мәжілістің жұмысын жаңа жолға, жаңа арнаға бұру. Оның ішінде Мәжілістің ашықтығы, белсенді әңгіме көтеріп, оны қозғау да бар. Бұл - үлкен мәселенің бірі», - деді ол елордада ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында.



Сонымен қатар ол «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Мәжілістің регламентін, Мәжіліс туралы, Мәжіліс депутаттары туралы заңнаманы өзгертуге күш салатындығын баса айтты.



«Бұл - өзіміздің қолымызда тұрған нәрсе. Елімізде жүргізіп жатқан бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, талаптарды күшейтеміз. Жақында Президент наурыз айында үлкен саяси реформалардың жарияланатындығын айтты. Соған белсене атсалысамыз. Елдегі реформалардың дұрыс жүргізілуін, оның шын мәнінде қоғамның, халықтың талабынан шығуын назарда ұстап, оның белсенді субъектісіне айналамыз. Үшіншіден, аймақтағы өкілетті органдардың жұмысын жандандыру қажет. Қоғамдық кеңестерге, мәслихаттарға өзгерістер керек. Оларға жақсы үлгі көрсету керек деп ойлаймыз. Осы тұрғыда да еңбек етеміз», - деді Айдос Сарым.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #Мәжіліс #депутат #сарым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Кеше 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Кеше 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Кеше 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Кеше 18:25

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Кеше 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);