AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралы...

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

Мәдениет 20.05.2024, 15:04 859
Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады.

Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түркіменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жастар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мақтұмқұлы Пырағының мол мұрасы біздің халық үшін аса маңызды. Достықтық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің бегісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп атап өтіп, министр Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.

Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды. Айта кетейік, Ашхабадта Түрікмен ақыны Мақтұмқұлы Пырағының ескерткіші ашылды.

Ақын мүсіні 60 метрлік монументалды ескерткіш түрінде тұрғызылған. Аталмыш нысан түрлі елдер мен дәуірдегі әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың 24 мүсінін біріктіретін жаңа мәдени-саябақ кешенінің құрамына кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #Мақтұмқұлы Пырағы #әдебиет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика