AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аида Балаева: Конституция Күнімен шын жүректен құ...

Аида Балаева: Конституция Күнімен шын жүректен құттықтаймын

Әлеумет 30.08.2021, 09:51 1,450 Almaty-akshamy
Аида  Балаева: Конституция Күнімен шын жүректен құттықтаймын
сурет: Inform.kz

Сол кездегі халық таңдауы бүгінгі жемісті нәтижесін көрсетіп отыр.    


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазастандықтарды Конституция Күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



Барша қазақстандықтарды атаулы мерекеміз – Конституция Күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Осыдан тура 26 жыл бұрын – 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы президенттік басқару формасындағы бүгінгі зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекетіміздің негізін қалаған Ата Заңымыз қабылданған еді. Бұл жаңадан құрылған жас мемлекетіміз үшін де, тәуелсіздік жауапкершілігінің тарихи жүгін сезінген азаматтар үшін де сындарлы кезең болды. Уақыт көрсеткендей сол кездегі халық таңдауы бүгінгі жемісті нәтижесін көрсетіп отыр.   Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт Ата Заңымыз азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын қорғап, қоғамның демократиялық қағидалар негізінде дамуын қамтамасыз етіп келеді. Егер Тәуелсіздік – мемлекетімізге әлемдік қауымдастықпен терезесі тең дәреже әрекет етуге мүмкіндік берсе, Конституция – осы мемлекеттің әрбір азаматының өз құқығын қорғап, ондағы адам өмірінің ең жоғарғы құндылық екендігіне кепілдік береді.  Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні – бұл тұрақты да тиянақты дамудың белгісі.  Пандемия – қазір қоғам үшін күрделі де ауыр кезең болып отыр. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, халқымыздың уақыт сынағынан өткен мызғымас бірлігі мен қамқор тірлігі бұл қиындықты да нәтижелі еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін.     Биыл ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың негізінде елдігіміздің еңсесін тіктеп, іргесін бекітіп келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Бұл біздің баға жетпес басты құндылығымыз. Жарқын келешек пен баянды болашақ қалыптастырудың осы жолында біз алда да аянбай еңбек етіп, қашанда бір тудың астында біріге білуіміз қажет.Конституция Күні құтты болсын!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балаева #құттықтау #Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика