AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Айбек Смадияров Президенттің Баспасөз хатшысы болы...

Айбек Смадияров Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Ресми бөлім 29.01.2026, 09:21 526
Айбек Смадияров Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
интернет

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айбек Смадияров II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Ол 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.

2025 жылы ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — Ресми өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айбек Серікбайұлы Смадияров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

Бүгін 08:45

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Кеше 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Кеше 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Кеше 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);