AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Айбар Олжай: биыл ЖІӨ көлемі 300 млрд долларға жет...

Айбар Олжай: биыл ЖІӨ көлемі 300 млрд долларға жетуі мүмкін

Экономика 11.06.2025, 16:09 878 Сұлу
Айбар Олжай: биыл ЖІӨ көлемі 300 млрд долларға жетуі мүмкін
Сурет: Gov.kz

Кейінгі уақытта “Қазақстан экономикасы құлдырап барады” деген пікірлер жиі айтылып жүр. Алайда ресми деректер мен сарапшылар мұны жоққа шығарады. Елдегі жалпы ішкі өнім өсіп, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында оң көрсеткіштер байқалады. Осы орайда Аqshamnews.kz тілшісі коммуникация маманы, қаржы, биржа, макроэкономика сарапшысы, экономист Айбар Олжаймен сұхбаттасып, қазіргі экономикалық ахуалды саралап көрді.

Айбар Олжайдың айтуынша, Қазақстан экономикасы қарқынды түрде өсіп келе жатыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 4,8% өскен. Бұл көрсеткіш - ішкі тұтыныстың артуы мен белгілі бір салаларға құйылған инвестициялардың нәтижесі.

"Агрокешен мен геологиялық барлау салаларына инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібі мен дайын тауар өндіру бағытындағы өсім қуантады. Бұл экономикамыздың мұнай мен шикізатқа тәуелділігін азайтып жатыр", – дейді Айбар Олжай.

Экономикалық көрсеткіштер тұрақтылық пен өсімді көрсетіп тұр ма?

Сарапшының айтуынша, статистикаға көз жүгіртсек, тұрақтылық пен өсім барын көруге болады. Тіпті, биыл ЖІӨ көлемі 300 млрд долларға жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұл - ел экономикасы үшін маңызды меже.

Сарапшы қазір жақсы қарқын көрсетіп жатқан бағыттарды атады: өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, барлау және пайдалы қазбалар және дайын тауар өндірісі.

Айбар Олжайдың пікірінше, бұл салалар болашақта экономиканы әртараптандыруға көмектеседі.

"Жердің астындағы шикізатты қазып сата бермей, оны өңдеп, дайын тауар ретінде сатуға көшіп келеміз", – дейді Олжай.

Инвестиция тарту бойынша Қазақстанның мүмкіндіктері мен артықшылықтары қандай?

Сарапшы Қазақстан инвестиция тартудың бірнеше циклынан өткенін айтты. 2022 жылы елге 28 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған. Бірақ кейінгі жылдары әлемдегі тұрақсыздық (Ресей-Украина соғысы, Трамп факторы) әсерін тигізіп, реинвестиция қарқыны баяулаған.

"Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар бар. Инвестиция заңын жетілдіріп жатырмыз. Саяси жағдай тұрақталып, теңге нығая түссе, инвесторлар қайта келе бастайды", – дейді ол.

Сонымен, “Қазақстанның экономикасы құлдырап жатыр” деген сөз рас па?

Сарапшы Айбар Олжай бұл тұжырымның жалған екенін нақты дәлелдермен негіздейді. Ол экономиканың құрылымы күрделеніп, тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуға қарай қадам басып келе жатқанын айтты. 

Айта кетейік, Алматы еліміздегі экономикалық көшбасшы шаһар саналады. Қаланың ең табысты бизнес саласы ретінде қызмет көрсету саласы аталады. Ол ЖӨӨ-нің  85,4% болса, өндіріс саласы 8% үлеске ие. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика #Қазақстан #болашақ #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);