AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Аяғым терісіне ілініп тұр екен»: полицей қаңтар о...

«Аяғым терісіне ілініп тұр екен»: полицей қаңтар оқиғасында қалай соққы жегенін әңгімеледі

Оқиға 19.02.2022, 13:22 1,535
«Аяғым терісіне ілініп тұр екен»: полицей қаңтар оқиғасында қалай соққы жегенін әңгімеледі
Cурет: Polisia.kz

Дәрігерлер оның оң аяғының бірнеше жеріне темір салып, ота жасаған


Алматы қаласының Медеу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкері Ұлан Оханов 31 арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасының тілшілеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол қаладағы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында адамдарды қуып жүріп қаққан көліктен зардап шегіп, аяусыз соққыға жығылған.
Ұлан Охановтың айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері арт жақтан келген әскери көлікті көмекке келген әріптестері екен деп ойлаған. 



«Алыстан қарағанда көлік тізгінінде қара киім киген адам отырғанын көріп, өз қызметкеріміз деп ойладық. Соққыдан ұшып кеттім. Тұрайын десем, тобығым тайып кеткен екен, аяғымды көріп, талып қалдым», – дейді Ұлан Оханов. 



Осыдан кейін Ұланды әріптес екі досы жолдың шетіне шығарып, ағашқа сүйеген.



«Тастап кетіңдер, жүруге шамам жоқ» деп айтып үлгердім. Тағы бір есімді жиғанда байқағаным, формамнан сүйреген әлдекімдер сол маңда орналасқан «Халық банк» ғимаратының ішіне қарай апара жатыр екен. Ол жақта полиция қызметкерлері мен әскерилерді жабылып ұрып жатты. «Киіміңді шеш» деп жатқанын, бір үлкен кісінің «қазақтың баласы ғой, тиіспеңдер» деп жүгіріп, жылап жүргенін көрдім. Бірақ оны үлкен кісі деп тыңдап жатқан ешкім жоқ», – деп есіне алды полиция қызметкері. 



Ұлан Оханов соққыдан есінен танып, ауруханада ғана өз-өзіне келген. Дәрігерлер оның оң аяғының бірнеше жеріне темір салып, ота жасаған. Оған қоса миы шайқалып, сол қолынан жарақат алғанын айтты. Ол аураханада жатқан 15 күнде 15 келі салмақ жоғалтқан. Ұлан өзін емдеу мекемесіне апарған белгісіз азаматқа алғысын білдірді. 


ІІМ Тергеу департаментінің төрағасы Санжар Әділовтың айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде жалпы саны 3 мыңнан астам әскери, құқық қорғау саласының қызметкерлері түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. 



«Олардың кейбірі қызметіне орала алмайды, мүгедек болып қалды», – деді ІІМ Тергеу департаментінің төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар оқиғасы #полиция #жарақат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика