Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мың студент ЖИ ал...

AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мың студент ЖИ алгоритмдерін меңгереді

Әлеумет 20.01.2026, 16:48 271
AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мың студент ЖИ алгоритмдерін меңгереді
Сурет: Gov.kz

Ұлттық құрылтай аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушыларымен кездесті.

Жиынға сондай-ақ вице-министр Гүлзат Көбенова және бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алдымен министр университеттің жуырда қолданысқа берілген жаңа заманауи кітапханасымен танысты. Кездесу барысында Саясат Нұрбек ғылым мен жоғары білімнің даму бағыттары, инфрақұрылымды жетілдіру, жасанды интеллект саласындағы жаңашылдықтар мен алға қойылған мақсаттар жайлы кеңінен тоқталды.

Министрдің айтуынша, елімізде кеңейтілген жасанды интеллект бағытын оқытудың екінші кезеңі басталып, 100 мың студентті қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл бағытта тек студенттер ғана емес, профессор-оқытушылар құрамының да білімін жетілдіру маңызды екенін атап өтті. Осы мақсатта оқытушыларға арналған арнайы оқу семинарлары мен бағдарламалар ұйымдастырылатынын айтты.

«Бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін еліміздің әр өңірінен 27 жоғары оқу орны бекітілді. Оқу орындары бағдарламаны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылым, оның ішінде ЖИ саласындағы білім беру бағдарламаларының, шетелдік серіктестердің, есептеу қуаттарының болуы сияқты критерийлер бойынша іріктелді. Бұл ЖОО-лар AI-Sana бағдарламасы бойынша студенттер мен педагогикалық оқытушы құрамын оқытуды қамтамасыз ете отырып, өз өңіріндегі және көршілес облыстардағы жобаны іске асыруға жауапты болады», – деді министр.

Жиында сонымен қатар жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайту, шетелдік филиалдарды дамыту және заманауи зерттеу инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызы жөнінде кеңінен талқыланды. Министр бұл қадамдар еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруге бағытталғанын атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Саясат Нұрбек университеттің 5 оқу ғимаратында орналасқан жасанды интеллект институтына барып, SeoulTech-пен бірлесіп іске асырылып жатқан IT және жасанды интеллект бағытындағы бағдарламалық жобалармен танысты.  

Министр студенттермен білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасып, ізденушілерге бағыт-бағдар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#AI-Sana #жи #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика